04 сентября 2020 | 16:41

ДСМ Қазақстанда карантин талабы қашан күшеюі мүмкін екенін айтты

Даурен Ерболат Журналист
Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов елімізде карантин талабы қашан күшеюі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов елімізде карантин талабы қашан күшеюі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол Қазақстанда карантин талабын күшейту немесе жеңілдетуге байланысты болжам 3 жағдайға сүйене отырып жасалатынын жеткізді.

Реклама
Реклама

"Бұл жағымсыз, шынайы, позитив болжамдарға негізделіп жасалады. Қазіргі таңда денсаулық сақтау министрлігі мен үкімет жағымсыз болжамға сүйеніп отыр. Ол ұзақ, қысқа мерзімге сүйеніп жасалатындықтан оның дәлдігі өте төмен болуы мүмкін. Сондықтан денсаулық сақтау министрлігі қысқа мерзімге негізделген, яғни 10-15 күнге негізделген болжамға сүйенеді, - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Осы орайда Бағдат Қожахметов елімізде 17 тамызда карантин талабы жеңілдегенін атап өтті.

"Тамыздың соңында карантин талабы жеңілдеді. Сондықтан көптеген кәсіпкер жұмыс істеуге мүмкіндік алды. Карантин талабының күшеюі немесе жеңілдеуі қоғамдағы адамдардың әрекетіне байланысты. Біз еліміздегі санитар дәрігерлердің талабын мүлтіксіз орындауымыз керек. Біріншіден, маска тағып, арақашықты сақтауымыз керек. Екіншіден, адам көп шоғырланған жерде бармауымыз қажет. Яғни карантин талабының күшеюі немесе жеңілдеуі біздің қалай әрекет ететінімізге байланысты", - деп түйіндеді сөзін ресми өкіл.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 106 121-ге жетті. 98 585 науқас айықты, 1 588 адам қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram