РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
15 ноября 2018 | 20:29

Дөнер сатамын, бірақ өзім жемеймін - Жас кәсіпкер

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Көшеде не жеп жүрміз?" тақырыбы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Көшеде не жеп жүрміз?" тақырыбы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Дөнер сатуды кәсіпке айналдырған Айсұлтан Мұратбай үйден тамақ дайындап, соны күні бойы қорек ететін айтады.

"Бетіме қарап жұрт айтатын шығар "Мынау дөнерді опыратын бала ғой. Өз саудасын өзі жүргізетін шығар" деп. Өзім бала кезден тамақты таңдап жеймін. Мысалы маған қуырдақ ұнамайды. Фастфуд мүлде жемеймін деп айта алмаймын, заманға сай өмір сүреміз. Бұрынғының батырлары ұқсап жаугершілік заманда жылқының етін жеп жүрген жайымыз жоқ. Кәсіп ашқан кезде өз тамағың өзіңе шығын келтірмеуі керек. Мен дөнер сататын орын бар екен деп күніне үш дөнер жейтін болсам, айына мен үшін 90 дөнер шығын болып тиеді. Сол себепті үйден тамақтану тиімді.

Бағдарламада көшеде сатылатын тағамдардың адам денсаулығына зияны жайлы айтылды. Астана қаласы бойынша Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің тағам объектілерін санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің басшысы Айнұр Дәулетбаева фастфудтан уланып, шағым түсірген адамдардың ісі қалай қаралатыны жайлы айтып берді. Сонда да көрермен тарапынан бұл мекемелерге ешбір жарнама жұмыстарының жүргізілмейтіндігін айтты. 

22 жастағы Аруна Дүйсекова фастфудқа тәуелді екенін айтады.

"Менің ағзам семіздікке бейім емес, отбасымызбен сондаймыз. Барлығын да жей беремін, бірақ салмақ қоспаймын. Сабақ кезінде қарның ашады, үйден ыстық тамақ тасып жүрмейсің ғой, сол себепті жылдам дайындалатын тағамдарды жеймін. Асқазаным еш ауырмайды. Дөнерді 600 тенге, сусынды 250 теңгеге аламын. Айына 25 мың теңге үзілістегі тамаққа жұмсаймын. Өзім 20 мың шәкіртақы аламын және үйдегілер де ақша жіберіп тұрады. Көп жерлерге топ болып барамыз", - дейді Аруна Дүйсекова.

Бірнеше кафесі бар Нұрболат Әбілхан есімді кәсіпкер тағам дайындауға тауарды қайдан алатынын айтып берді.

"Бизнеске әр адам әрқалай келеді. Мен мысалы кәсіпке жоқшылықтан келдім. Жоқшылықтан келген адам қанағатшыл болады. Бүкіл әлемге мәлім - суши шикі балықтан жасалады. Біз тауарды сертификатталған, арнайы ұйымдардан аламыз. Сол себепті паразит не басқа зиян заттардың жоғына кепіл береміз", - дейді Нұрболат Әбілхан.

Айта кетейік, "Өз ойым" бағдарламасы 27 маусымнан жаңа санын бастады. Бағдарламаның ең басты жаңалығы ток-шоу дүйсенбі-жұма аралығында көрсетілетін болды. Түрлі әлеуметтік тақырыптарды қозғайтын бұл ток-шоу әлі талай қызықтарға толы. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети