Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Junior Eurovision 2021 байқауына қатысып жатқан қазақстандықтар Әлинұр Хамзин мен Бекнұр Жәнібекұлына қолдау көрсетуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы әнші Instagram-парақшасында жазды.
"Биыл Париждің төрінде өтетін Junior Eurovision халықаралық ән байқауында Әлинұр Хамзин және Бекнұр Жәнібекұлы "Ертегі әлемі" әнін шырқап, еліміздің намысын қорғайды. Барша қазақстандықты еліміздің атынан қатысып жатқан жас өнерпаздарға қолдау көрсетіп, дауыс беруге шақырамыз. Сенің даусың - біздің ортақ жеңісіміз!", - деп жазды Димаш.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Junior Eurovision 2021 байқауы 19 желтоқсанда өтеді. Елорда уақытымен 21:00-де басталады.
Еске салайық, қарашаның басында Қазақстанда Junior Eurovision 202 байқауының іріктеуі өткен болатын. Оның қорытындысы бойынша 11 жастағы Әлинұр Хамзин мен 8 жастағы Бекнұр Жәнібекұлы ең көп ұпай жинап, халықаралық байқауға жолдама алған.
Фото:junioreurovision.tv
Жас әншілер байқауда "Ертегі әлемі" әнін орындайды.