РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
05 января 2022 | 00:14

Димаш Құдайберген: Бірлігімізге нұқсан келтіріп алмайық, ағайын!

ПОДЕЛИТЬСЯ

Димаш Құдайберген © instagram.com/kudaibergenov.dimash Димаш Құдайберген © instagram.com/kudaibergenov.dimash

Әнші Димаш Құдайберген Қазақстандағы толқуларға қатысты көзқарасын айтып, бірлікке нұқсан келтірмеуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әнші Димаш Құдайберген Қазақстандағы толқуларға қатысты көзқарасын айтып, бірлікке нұқсан келтірмеуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өнерпаз Instagram желісінде жариялаған жазбасын халқымен бірге екенін айтып бастады.

"Ардақты ағайын! Жырақта іссапарда жүріп, елдегі болып жатқан жағдайды естіп, көңілім алаңдаулы. Туған жерім, елім мен үшін әрқашан қымбат - халқыммен біргемін. Бәріміз үшін ең бастысы - халықтың бірлігі, амандығы, елдің әр азаматының әлеуметтік жағдайының дұрыстығы. Наразылығын білдіруге келген үлкен де, кіші де отбасының қамы үшін жүр. Бүгінде күнкөріс күн сайын қымбаттап, халыққа оңайға соғып жатқан жоқ. ХАЛЫҚ ШАРШАДЫ!!! Сол себепті, тұрмыс-тіршілік деңгейін көтеру мақсатында жүйелі әрі нақты шаралар қолданылуы керек. Тек бір мәселе, жыртығымызды жамаймыз деп жүріп, бірлігімізге нұқсан келтіріп алмайық, ағайын!" - деп жазды әнші.

Ол халықты мәселені сабырмен, жағдайға байыппен қарап шешуге шақырды.

"Жігіттің жақсысы - дұрыс сөзге тоқтай білген, басқаны сөзіне тоқтата білген" - биліктегі құзырлы азаматтар тез арада оңтайлы шешім қабылдап, қордаланған мәселелерді шешсін. Барынша сабырмен, жағдайға байыппен қарап, өзара ортақ шешім қабылдауға ұмтылайық! Билік тарапынан халыққа күш көрсетілмей, халық тарапынан ақылға жеңдіріп, әр қадамды, ертеңгі күнімізді ойлап бір мәмілеге келуге жазғай! Аман бол, елім!!!" - делінген әншінің жазбасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dimash Kudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

Еске салайық, Жаңаөзен мен Ақтаудың мыңдаған тұрғыны жаңа жылдан кейін бағасы күрт шарықтап кеткен сұйытылған газ бағасын түсіруді талап етіп, көшеге шыққан болатын. Олар жолдарды жауып тастаған.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке тиісті тапсырма берді. Өңірдегі жанар-жағармай құю бекеттерінің қожайындары өз бастамасымен газ литрін 120 теңгеден 85-90 теңгеге дейін арзандату туралы шешім шығарған. Кейінірек Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен комиссия құрылған болатын. Бүгін үкіметтік комиссия мүшелері Маңғыстау мен Жаңаөзен белсенділерімен келіссөз жүргізіп, оның қорытындысы бойынша сұйытылған газ бағасы 50 теңгеге дейін төмендегені хабарланды

Тоқаев деструктив топтарға ермеуге шақырды

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети