ПОДЕЛИТЬСЯ
03 июня 2020 | 13:12
Депутат ашаршылық мәселесін геноцид ретінде халықаралық деңгейде мойындауды ұсынды
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Берік Дүйсенбинов еліміздің Сыртқы істер министрлігі ашаршылық мәселесін геноцид ретінде халықаралық деңгейде мойындату жұмыстарын бастау керегін айтып, премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжановқа сауал жолдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Берік Дүйсенбинов еліміздің Сыртқы істер министрлігі ашаршылық мәселесін геноцид ретінде халықаралық деңгейде мойындату жұмыстарын бастау керегін айтып, премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжановқа сауал жолдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Депутат жақында Мемлекет басшысының саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеуінде айтылған тапсырманы партия қолдайтынын атап өтті.
"Еліміз кеше ғана саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күнін атап өтті. Дәл осы күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тарихи әділдікті қалпына келтіру жұмыстарын аяқтап, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін арнайы комиссия құру жөніндегі тапсырмасы жарияланды. Өте өзекті тапсырма. "Ақ жол" партиясы Президент тапсырмасын қолдайды және оның жұмысына өз өкілдерін жіберуге дайын екенін хабарлайды", - деді ол.
Берік Дүйсенбинов партия атынан большевиктердің тоталитарлық билік ұйымдастырған қазақ жеріндегі ашаршылыққа ресми түрде геноцид деп құқықтық баға беруін талап етті.
"Әділдікті қалпына келтіру үшін "Ақ жол" демократиялық партиясы большевиктердің тоталитарлық билік ұйымдастырған қазақ жеріндегі ашаршылыққа ресми түрде геноцид деп құқықтық баға беруді талап етеді. Мысалы, әлем геноцид деп мойындаған Украинаның "Голодоморынан" 3 миллион 900 мың адам қаза болса, сол украиналық сарапшылардың айтуынша, Қазақстанда ашаршылықтан 4 миллионнан астам отандасымыз қайғылы құрбандыққа ұшыраған. Қазақ елінің саны 70 пайызға азайып кеткен", - деді ол.
Орынша Қарабалина-Қазыбаева: "Ұзақбай Құлымбетов қазақ мемлекетінің қалыптасуына сеп болған тұлға"
Сондай-ақ депутат ҚР сыртқы саясат ведомствосына ашаршылық мәселесін геноцид ретінде халықаралық деңгейде БҰҰ, АҚШ Конгресі, Еуропарламент, ОБСЕ арқылы мойындату жұмыстарын бастау керегін жеткізді.
"... Бейкүнә жандардың алдында біздің борышымыз әлі өтелген жоқ. Осыған байланысты еліміздің Сыртқы істер министрлігі ашаршылық мәселесін геноцид ретінде халықаралық деңгейде БҰҰ, АҚШ Конгресі, Еуропарламент, ОБСЕ арқылы мойындату жұмыстарын бастау керек деп ойлаймыз. Сол жылдары өз елін, өз ауылын азапты ажалдан құтқарамын деп тоталитарлық саясатқа қарсы қарулы көтеріс жасаған жүздеген батырымыз әліге дейін ақталған жоқ", - деп ұсынды депутат.
Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеу жариялаған болатын.
1997 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні деп белгіленді.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также