РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
18 апреля 2019 | 12:56

Декретке шыққанда миллион алу үшін не істеу керек - Кәсібі бар әйелдерге кеңес

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Қазақстанда барлық жүкті əйелге бірдей төленетін жəрдемақылардан бөлек, әлеуметтік сақтандыру қорынан қосымша жәрдемақы алуға мүмкіндік бар. Одан берілетін қаржы алғашқыдан екі, кейде үш есе артық болып жатады. Бірақ ол үшін соңғы 12 айдағы айлық табыс 280 мыңнан кем болмауы керек. 


Қазақстанда барлық жүкті əйелге бірдей төленетін жəрдемақылардан бөлек, әлеуметтік сақтандыру қорынан қосымша жәрдемақы алуға мүмкіндік бар. Одан берілетін қаржы алғашқыдан екі, кейде үш есе артық болып жатады. Бірақ ол үшін соңғы 12 айдағы айлық табыс 280 мыңнан кем болмауы керек. 

Алматылық Гүлнұр Шолпанқұл да қызына жүкті кезінде қордан қосымша ақша алыпты. Алматы қаласы Бостандық ауданының салық басқармасында қызмет атқарған. Ол Tengrinews.kz тілшісіне қосымша жәрдемақыны алу жолдарын түсіндіріп берді. 

Есептеу формуласы

Дара кәсіпкер ретінде тіркелген немесе ДК-сы бар адамның қолында жұмыс істейтін әрбір келіншек мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан декретке шығар алдында және ай сайынғы бала күтіміне байланысты ақша ала алады. Бірақ ол үшін бірнеше шарт орындалуы тиіс.

1. Босануға дейінгі жәрдемақыны алуды есептеу формуласы: Соңғы 12 айдағы табыс / 12 ×4,2 - 10% (зейнетақы)

2. Ай сайынғы бала күтіміне байланысты жəрдемақыны есептеу формуласы: соңғы 24 айдағы жалпы табыс / 24 × 0,4 - 10 пайыз зейнетақы

Бірінші формула бойынша, сіз дара кәсіпкер болсаңыз, табысыңыздың 1 пайызы (егер патент негізіндегі салық режимі болса) табыс салығы ретінде төленеді. 10 пайызын зейнетақы қорына аударасыз. Табыстың 3,5 пайызын әлеуметтік сақтандыру қорына аударасыз. Соңғы он екі айдағы табысыңызды қосып, 12-ге бөлесіз. Ортасында кейбір айларда табыс болмаған болса да, жалпы табыс 12-ге бөлінеді. Шыққан соманы 4,2-ге көбейтесіз. Əдетте əйелдерге босанғанға дейін 70 күн жəне босанғаннан кейін 56 күндік демалыс береді, сəйкесінше 70+56=126 126/30 (бір айдағы күн саны) = 4,2 деген формуладағы коэффициент осыдан шығады. Ал егер Кесарев тілігімен босансаңыз немесе дүниеге егіз не үшем əкелсеңіз, босанғаннан кейін де 70 күндік демалыс беріледі. Сəйкесінше сіздің коэффициент 4,2 емес 4,6 болып өзгереді. Одан 10 пайыз зейнетақы қорына жіберілетін аударымды алып тастасаңыз, осылайша қолға алатын сомаңыз шығады.

Гүлнұр Шолпанқұлдың айтуынша, 12 айдағы айлық табыс 280 мыңнан кем болмаған жағдайда, қордан 1 123 000 теңге алуға мүмкіндік бар. 

"280 мыңнан кем болмауы керек деген міндетті талап емес. Әркім табысына қарай қаржы салып отырады және сәйкесінше ақша алады. Мұндағы айтарым, кәсібі бар қыз-келіншектер, демалыс күндері торт пісіріп, пәтерін жалға беріп ақша табатын немесе онлайн дүкені барлар кәсібін заңдастырса деймін. Сонда ғана қосымша жәрдемақы алуға болады. Қазір жүктіліктің алғашқы айларында болсаңыз 4-5 айға салып үлгересіз. Сəйкесінше, одан миллион емес, 400-500 мың теңгедей алуға мүмкіндік бар. Жалған кəсіпкерлікке шақырып тұрғаным жоқ. Тек салықтан қашпай, керісінше одан пайда көріңіздер деп айтқым келеді", - дейді ол. 

Басқа адамның ДК-сына жұмысшы ретінде тіркеліп жіберіп отыруға да болады екен. Бірақ, ескертетін бір жайт бар: жалдамалы жұмысшының табыс салығы (Айлығыңыз - ең төмен жалақы - МЗЖ) × 10 пайыз.
Ал дара кəсіпкердің табыс салығы - 1,5 пайыз. Яғни жалдамалы жұмысшы ретінде шығыныңыз көбірек болады.

Сондай-ақ, Гүлнұр Шолпанқұл ДК ашудың жолдары мен таңдайтын салық режимін айтып берді.

ДК 2 жолмен тіркеледі:

1. Онлайн - Цоннан ЭЦҚ алып, egov.kz сайты арқылы өзіңіз тіркейсіз.
2. Салық басқармасына барып, қағаз күйінде өтініш өткізу арқылы. Бір күнде тіркеледі. Тек дара куəлігіңіз қажет.

ДК тіркеген кезде салық режимін таңдайсыз. Олар үшеу:

1. Жалпыға бірдей салық режимі (табыс салығы 10 пайыз; салық естептігі əр тоқсан сайын тапсырылады)
2. Оңайлатылған салық режимі (табыс салығы 1,5 пайыз, салық есептілігі жарты жыл сайын тапсырылады)
3. Патент негізінде (табыс салығы 1 пайыз; салық есептілігі алдын ала кемінде 1 айға, максимум жылдың соңына дейін тапсырып қоюға болады. Мысалы, сіз бүгін патент негізіндегі ДК тіркесеңіз, жылдың соңына дейінгі салығыңыз бен аударымдарды төлеп қоюға болады)

Заң бойынша, 6 айда бір рет жалпы табыстың 1,5 пайызы табыс салығы ретінде төленеді. Бұл жеңілдетілген салық режимі (упрощенка) бойынша. Ал патент болса, табыс салығы ретінде 1 пайыз төленеді.

Жалпы айлық төлем қанша?

ДК өз атыңызда болған жағдайда, 1 айлық табыс 297 000 теңге болса:

Зейнетақы қорына аударым: 29 700 теңге (10 пайыз)
Əлеуметтік сақтандандыру қорына аударым: 10 395 теңге (3,5 пайыз)
Табыс салығы: 2970 теңге (1 пайыз патент болған жағдайда)
Медицаналық сақтандыру бойынша төлем - 2970 теңге (2020 жылға дейін тек жалдамалы жұмысшыларға), ДК иесі төлемейді. 
Жалпы ай сайынғы шығын: 43 065 теңге

Ал жұмысшы ретінде тіркелгенде және табыс 330 000 теңге болса:

Зейнетақы қорына аударым: 33 000 теңге (10 пайыз)
Əлеуметтік сақтандандыру қорына аударым: 10 395 теңге (Айлық - міндетті зейнетақы жарнасы) × 3,5 пайыз
Табыс салығы: 25 450 теңге (Айлық - міндетті зейнетақы жарнасы - ең төменгі жалақы мөлшері) × 10 пайыз
Медицаналық сақтандыру: 4950 теңге (1,5 пайыз)
Сонда ай сайынғы шығын: 73 795 теңге.

Сарапшы жұмысшы ретінде табысты неге 330 мың қылып көбейтіп жазғанын түсіндірді.

"Себебі жүктілікке байланысты төленетін жəрдемақы əлеуметтік аударым жіберілген сомадан есептеледі. Яғни, біз табысты 297 000 деп көрсетсек, əлеуметтік сақтандыру қорына аударым 267 300 теңгеден кетер еді.

Гүлнұр Шолпанқұл декретке дара кəсіпкерліктен шығайын деп жүрген ханымдарды салық инспекторлары есептеп беріп жатқанда мұқият болуға шақырды. 

"Декретке ДК арқылы шығу жолдарын түсіндіру барысында байқағаным, кейбір салық инспекторлары əлеуметтік сақтандыру қорына жасалатын төлемді жұмысшыға есептегендей есептеп береді екен. Яғни, сіз айлық ретінде көрсетіп отырған табыстан зейнетақы қорына жіберілген соманы алып тастап барып, 3,5 пайызға көбейтеді. Ол дұрыс емес! Дара кəсіпкер өзі үшін төлегенде, айлығын бірден 3,5 пайызға көбейтеді. Мысалы, 180 мың табысқа 18 мың пенсионка төледіңіз. Ал əлеуметтік сақтандыру қорына есептегенде "180 000 - 18 000 = 162 000" деп 162 мыңнан 3,5 пайыз жібересіз, сонда табысыңыз 180 мың емес, 162 мың болып қалады. Сонда зейнетақы қорына салып отырған ақшаңыз зая кетеді. Сондықтан салық инспекторлары есептеп беріп жатқанда мұқият болыңыз деймін. Олар да адам, олар да қателесуі мүмкін. Тек заңға сүйенеміз", - дейді ол. 

"ДК-ны тек декретке дейінгі ақшаны алу үшін ашпаңыздар", - деп ескертті Гүлнұр Шолпанқұл.

"Кәсібіңіз болмаса, ДК-ны ақша алу үшін ғана ашпаңыздар! Басқа адамның кәсіпорнына тіркеліп, өтіп кеткен айлардан зейнетақыға жəне әлеуметтік қорға аударым жібермеңіздер. Барлық төлемді уақытылы жəне ай сайын салыңыздар. Бəрін бірге сала салсаңыздар, ол күмəн тудырады. 2018 жылы басқа біреудің ДК-ына тіркеліп, өтіп кеткен айларға ақша жіберіп, босануға дейін алатын соманы əдейі көбейтіп алғаны үшін Алматы облысында 300 əйел Қылмыстық кодекстің 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша жауапкершілікке тартылған", - деп ескертті маман.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети