РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
18 января 2022 | 18:32

ДДСҰ QazVac вакцинасын қашан тіркейді? Тоғжанов жауап берді

Камила Долаева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов пен денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазақстандық QazVac вакцинасы қашан тіркелетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов пен денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазақстандық QazVac вакцинасы қашан тіркелетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Вакцинаны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына тіркеудің халықаралық талаптары бар. Осы үшін Қазақстан ДДСҰ сарапшыларын елге шақырды. Былтыр олар келіп, жұмыс істеді, бізге белгілі бір кеңестер беріп кетті. Қазіргі таңда біздің компаниялар, оның ішінде ұлттық реттеуші 9 бағыт бойынша жұмыс істеп жатыр. 2022 жылдың екінші және үшінші тоқсанында ДДСҰ сарапшылары қайта келіп, олардың кеңесі қалай орындалып жатқанын қарайды. QazVac-ты тіркеу бойынша жоспарлы жүйелі жұмыстар жүріп жатыр", - деді Ажар Ғиният ОКҚ брифингінде.  

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов вакцина 2022 жылдың соңына дейін тіркелмейтінін айтты. Ол үшін Қазақстанның ұлттық реттеу жүйесі үшінші кемелдік деңгейге жетуі тиіс. 

"Мұнда нақты критерийлер бар екенін түсіну керек. Біз 8 айдың ішінде 2-деңгейге жеттік. Енді жыл соңына дейін оны 3-деңгейге жеткізу міндеті қойылды. Қазақстан ұлттық реттеушінің үшінші деңгейіне жеткенде, біздің вакцинаны ресми түрде ДДСҰ қарайды. Бұл халықаралық стандарт", - деді ол.

Сондай-ақ, Ералы Тоғжанов Қазақстанның вакцина паспортын 25 ел қабылдағанын атап өтті.

"Осы бағытта да нақты жұмыстар жүріп жатыр. Ал тиімділігі жағынан біздің вакцина 86-дан 90 пайызды көрсетеді", - деді премьер-министрдің орынбасары. 

Өзекті жаңалықтарды сілтемесіз оқу үшін Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети