ПОДЕЛИТЬСЯ
17 сентября 2020 | 14:05
"Дәрілерге, БАД-тарға көп ақша жұмсамаңыздар". Маман иммунитетті қалай көтеруге болатынын айтты
Қазақстан профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман тұрғындарға иммунитетті қалай көтеруге болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстан профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман тұрғындарға иммунитетті қалай көтеруге болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Коронавирус және тағы басқа инфекциялардан сақтану үшін дұрыс тамақтану керек. Әсіресе, көкөністер мен жеміс-жидектерді көп жеу қажет. Қазір күз мезгілі. Сондықтан жеміс-жидектер пен көкөністерді, алма мен жүзімді көбірек сатып алыңыздар. Жүзімнің құрамында антиоксидант бар. Ол өкпені дерттен қорғайды. Сондай-ақ, қыс болған кезде кептірілген немесе тоңазытылған жемістерді жеу адамның азғасы үшін өте пайдалы. Ол түрлі инфекциялардан қорғайды", - деді маман өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Сондай-ақ, Алмаз Шарман D витаминін алу да маңызды екенін жеткізді.
"Қазір күн шуақты болып тұр. Күн астында жиі жүріңіздер. Оның сәулесінен D витаминін аласыздар. Дұрыс ұйықтау да маңызды. Ол иммунитетті көтереді. Стреске түспеу жағын ойлаңыздар. Ол иммунитетті төмендеді. Медицина қызметкерлері арасында "өкпе ауруы - жаны жараланған адамдардың дерті" деген сөз бар. Сондықтан жағымсыз хабарларға көп мән бермеуге тырысыңыздар. Мен адамзат баласы коронавирус пандемиясын жеңеді деген үміттемін", - деді ол.
Сонымен қатар, маман тұмау маусымы басталған дейін иммунитетті көтеріп үлгеруге кеңес берді.
"Күз, қыз мезгіліне дайындалуға уақытымыз бар. Иммунитетті көтеремін деп түрлі дәрілерге, БАД-тарға көп ақша жұмсамаңыздар. Оның орнына жеміс-жидектер мен көкөністерді өзіңіз бақшада өсіріңіз немесе оларды сатып алыңыз", - деді Алмаз Шарман.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также