РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
11 мая 2020 | 15:30

Дәрігерлерге үстемеақы тамыз айына дейін беріледі - Тоғжанов

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коронавирус індетімен күресіп жүрген дәрігерлерге үстемеақы тамыз айына дейін беріледі. Бұл туралы үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Коронавирус індетімен күресіп жүрген дәрігерлерге үстемеақы тамыз айына дейін беріледі. Бұл туралы үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұл - халықтың көкейінде жүрген сұрақтың бірі. Ол туралы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы тапсырма берген. Оған байланысты үкіметке 40 миллиард теңге бөлінді. Сондықтан біраз дәрігерге үстемеақы берілген. Тамыз айына дейін бұл ақша денсаулық сақтау жүйесінде жұмыстап жүрген азаматтарға берілетінін олардың қаперіне салғым келеді", - деді ол "Хабар 24" телеарнасында өткен онлайн баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, осыған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеме жасаған болатын. Президент коронавирус індетінің екінші кезеңі болуы мүмкін екенін, әлемде 400 миллионнан астам кәсіпорын банкрот болудың алдында тұрғанын, Түркістан облысында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетілетінін атап өтті.

Елімізде COVID-19 жұқтырғандардың саны 5 138-ге жетті. 1941 адам аурадан айықты, 31 адам қайтыс болды.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети