28 ноября 2023 | 11:35

"Дәрігерлерді қатты құрметтейді". Жапониядағы қазақстандық жас ғалыммен сұхбат

Ермек Рахат ұсынған сурет

Ермек Рахат пен Самал Сағынова үш жылдан бері Жапонияның Гифу қаласында тұрады. Жақында Ермек Рахат Жапонияның қант диабетін зерттеу қауымдастығының (JapanAssociationofDiabetesEducationandCare) "Жас ғалым марапатына" ие болды. Жапониялықтардың тұрмыс-тіршілігі, медицинасы туралы дәрігерлер отбасымен Massaget.kz тілшісі сұхбаттасты.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

"Балаларымыз үш тілде еркін сөйлейді"

Реклама
Реклама

Олар 2016 жылы отбасын құрған.

"Біз Жапониянң Гифу қаласында тұрамыз. Негізі Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданының тумасымын. 2016 жылы отбасын құрдық. Үш баланың анасымын. 2017 жылы ұлымыз, 2019 жылы қызымыз, кейін Жапонияда 2022 жылы кенже ұлымыз дүниеге келді. Жолдасым екеуміз С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін бітірдік. Жолдасым - эндокринолог, мен - жалпы тәжірибелік дәрігермін. Жолдасым бірнеше емханада эндокринолог болып және С.Ж. Асфендияров атындағы Ішкі аурулар клиникасының эндокринология кафедрасында оқытушы болып жұмыс істеді. Оқу бітірген жылы карантин болып, кейін жолдасым Жапонияға оқуға тапсырып, сонда кетті. Мен бала тәрбиесімен үйде болдым", - деді Самал.

Оның сөзінше, балалары 3 тілде еркін сөйлейді. Самал пайдалы тәтті тағамдар пісіріп, блогында пайдалы рецепттерін бөлісетінін де айтты.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram