ПОДЕЛИТЬСЯ
28 апреля 2021 | 12:48
Дәрігерлер науқасты тексерудің 15 минутын мәлімет толтыруға жұмсап жүр - депутат
Депутат Зарина Қамасова қазақстандық дәрігерлер науқасты тексеру уақытын құжат толтыруға жұмсап жүргенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Депутат Зарина Қамасова қазақстандық дәрігерлер науқасты тексеру уақытын құжат толтыруға жұмсап жүргенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қамасованың айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігінің платформасында жұмыс істейтін "ДамуМед" ақпараттық жүйесіне шағым айтатындар көп.
"Медициналық-санитарлық көмек көрсететін медқызметкерлер бір мезетте науқас туралы мәліметтерді 14 ақпараттық жүйеде толтыруға мәжбүр. Бір науқасты тексеру үшін бекітілген уақыт нормативі 15 минут болса, дәрігер сол уақытты науқасты тексеруге емес, ақпараттық жүйедегі мәліметтерді дұрыс толтыруға жұмсайды", - деді Қамасова.
Сонымен қатар, депутат ақпараттық жүйенің жаппай вакциналау кезеңінде де жиі істен шығатынын айтып, бұл жүйені дамытуды министрлікке ұсынды.
"Ақпараттық жүйелер жиі "қатып қалады", әсіресе қазір, жаппай вакциналау жүріп жатқанда, дәрігерлер сол мезетте мәліметтерді енгізеді. Сондай-ақ, бірнеше зертханалық талдау үшін бір жолдаманы шығаруға 15-тен аса әрекет ету керек болады. "ДамуМед" медициналық ақпараттық жүйесінің толық жетілмеуінің салдары статистикалық ақпараттардың да дұрыс болмауына әкеп соғып жатыр", - деп мәлімдеді Мәжіліс депутаты.
Показать комментарии
Читайте также