РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
19 ноября 2020 | 11:34

"Дәретханада түнедік". Солтүстікке қоныс аударғандар әкімдік салып берген үйдің сын көтермейтінін айтты

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео скриншоттары Видео скриншоттары

Еліміздің оңтүстігінен солтүстікке мемлекеттік бағдарлама арқылы көшкен отбасы күн аязда дәретханада түнеуге мәжбүр болған. Себебі әкімдік салып берген үй жылымай қойған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Еліміздің оңтүстігінен солтүстікке мемлекеттік бағдарлама арқылы көшкен отбасы күн аязда дәретханада түнеуге мәжбүр болған. Себебі әкімдік салып берген үй жылымай қойған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бір баласы бар отбасы амалсыз пешке жақын жерде - дәретханада ұйықтаған.

"Бұл - санузел бөлмесі. Канализация трубасы тұр, міне. Мына жерде пештің түтін шығаратын жері бар. Есікті жауып, жылынып, осы жерде жаттық. Кішкентай бөлме ғой, тез жылынады. Қатты суықтарда баламызбен үшеуміз осы жерде жаттық. Санузел бөлмесі. Тастап кеткен. Ештеңе құрмаған. (...)  Қатты суықта үй жылынбады. Төбеміз жұқа, астымыз бетон, кафель. Линолеумның астын да көрсетейін, ана жерде су шыққан жер бар", - деді оңтүстіктен қоныс аударған әйел.

Республикалық URAN қоғамдық бірлестігінің белсенділері СҚО-дағы Астраханка ауылына арнайы барып, қоныс аударғандардың жағдайын көрді.

Үйге кірген белсенділер аяқ киімін шешкелі жатқанда үй иелері еденнің салқын екенін айтып, шешкізбеді.

"Жүре беріңіз, аяқ киіміңізді шешпей-ақ қойыңызшы. Полымыз салқын", - деді үй иесі. 

Қоныс аударғандар үшін салынған үйлер, бір қарағанда, әдемі болып көрінеді. Бірақ әдемі картинаның артында мәселе көп екен.

Тұрғындардың айтуынша, үй құрылысы толық аяқталмаған және ең үлкен мәселе - үйдің едені дұрыс салынбаған.

"Қараңыздар, мұнда жер көрініп тұр", - деді Түркістан облысынан көшіп келген ер адам.

"Мұнда "Еңбек" бағдарламасымен көшіп келген адамдар тұрады. Шынымен проблема бар. Мына үйлер жаңа және әдемі болып көрінеді, бірақ шын мәнінде мұнда тұру мүмкін емес. Үйде үнемі ылғал болған соң адамдар ауырып қалады. Біріншіден, едені дұрыс емес, астында топырақ жатыр. Сондықтан сыз тартып тұр. Адамдар дымқылмен тыныс алады және ауырады", - деді URAN ұйымының үйлестірушісі Сергей Решетников.

"Қабырғалар құлап жатыр. Ішінде бөлме қабырғалары гипсокартонмен бөлінген, есік жоқ. Мұны да солтүстікте тұратын адамдар үшін соғып берген дейді-ау. Бағдарлама жақсы, бірақ оның іске асырылуына қатысты сұрақ көп. Адамдардың көңілі қалған", - деді URAN қозғалысының белсендісі.

Тұрғындардың айтуынша, олар әлі бұл үй үшін несие төлеуі керек екен.

Оңтүстіктен көшкен қазақстандықтар қоныс аударғанына өкінбейді, бірақ үйдің сапасы олардың көңілін түсірді.

Бұған дейін URAN ұйымының мүшелері аймақтарда тұратын қазақстандықтар өз мәселелерін айтуы үшін +7 702 917 15 28 WhatsApp нөмірі мен Telegram желісіндегі байланысын жариялаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети