РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
18 мая 2020 | 15:52

COVID-19 жұқтырғандардың саны болжамға қарағанда неліктен көп? Министрлік жауабы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны болжамға қарағанда көп болуының себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны болжамға қарағанда көп болуының себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оның айтуынша, COVID-19 жұқтырғандардың бұған дейін айтылған болжамдардан көп болу себебі скрининг тестілеу өткізу, яғни, ауру белгісі жоқ сырқаттардың анықталуы екен. 

"Бұған дейін министрдің болжамы наурыз айының басында болған. Одан кейін эпидемияға қарсы сәуір айының ортасынан бастап жалпылама скрининг тестілеулер енгізілген болатын. Осы скрининг тесттің арқасында қосымша симптомы жоқ сырқаттарды анықтап жатырмыз. Сонымен қатар, жабық коллективтерге сырқаттарды тексеріп жатырмыз. Атырау мен Шымкент қалалары секілді олар да қосымша өз есептерін беріп жатыр. Қазір Атырауда 500-ден астам, ал Шымкентте 100-ден астам сол коллективтерден шыққан", - деді Тимур Сұлтанғазиев ДСМ тікелей эфирінде. 

Сұлтанғазиев скринингтер БЦР-дің арқасында өтіп жатқанын айтты. 

"Бұл ең бірінші БЦР тест. Оның тиімділігін өздеріңіз білесіздер - 98-99 пайызға дейін. Қазіргі біз күндегі жасайтын тесттің көбеюі сәуір айында 6 мыңнан қазіргі уақытта 23 мыңға дейін жоғарылады. Оның ең бірінші себебі - қосымша қаражат бөлініп, республикалық бюджеттен зертханалық сараптамалардың сатып алуына байланысты. Сонымен қатар, жекеменшік зертханалардың осы тесттерді жасауымен байланысты", - деп түсіндірді ол. 

Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 6 440-қа жетті. Коронавирус пандемиясы елімізде анықталғалы 3 256 адам аурудан айығып шықса, 34 адам қайтыс болған. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети