28 августа 2020 | 17:01

"COVID-19 жұқтырғандар азайды". Апта бойы шыққан позитив жаңалықтар

Рахила Тлеуова Корреспондент
Фото: Тұрар Қазанғапов

Дүние жүзінде коронавирус тарағандықтан, биыл көп адам үшін жаман жаңалық көп болды. Бірақ соңғы уақытта пандемия, карантинге және басқа салада да жақсы жаңалықтар жиі шығып жатыр. Оның ішінде еліміздің коронавирустың әлсіреп жатқаны да бар. Tengrinews.kz тілшісі 24-28 тамыз аралығында Қазақстанда болған жақсы жаңалықтың бірқатарын назарыңызға ұсынады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дүние жүзінде коронавирус тарағандықтан, биыл көп адам үшін жаман жаңалық көп болды. Бірақ соңғы уақытта пандемия, карантинге және басқа салада да жақсы жаңалықтар жиі шығып жатыр. Оның ішінде еліміздің коронавирустың әлсіреп жатқаны да бар. Tengrinews.kz тілшісі 24-28 тамыз аралығында Қазақстанда болған жақсы жаңалықтың бірқатарын назарыңызға ұсынады.

Коронавирус жұқтырғандар азайды

Реклама
Реклама

Соңғы уақытта елімізде коронавирус жұқтырғандар саны азайып, аурудан жазылғандар саны артып жатыр. Мысалы, 24 тамызда елімізде ұзақ уақыттан бері бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 200-ге жетпегені хабарланған. Содан бері елде күн сайын вирус анықталғандар саны азайып келеді. Мысалы, кеше соңғы бір тәулікте 165 адам COVID-19 жұқтырғаны белгілі болды.  

Мысалы, осыдан бір ай бұрын, 27 шілдеде елде 1526 адамнан коронавирус табылған еді. Осылайша, Қазақстанда бүгінде тәулік көрсеткіші бойынша вирус жұқтыратындар саны, шамамен, 10 пайызға азайған. 

Соңғы деректер бойынша елімізде 105 408 адам коронавирус жұқтырған. 95253 науқас сауығып шықты, 1523 адам көз жұмды.

Пневмония да әлсіреп жатыр

Сондай-ақ 24 тамызда пневмониямен ауырғандар саны 100-ге жетпей, 84 науқас болды. Бұл соңғы уақыттардағы ең аз жағдай болып саналады.  

Қазірге дейін Қазақстанда 24 632 адамнан пневмония анықталған. 5 299 науқас жазылып шықты, 278 адам қайтыс болды.

Қазақстанда екі колония жабылады

Коронавирусқа қатысы болмаса да, Ішкі істер министрлігінен жақсы жаңалықтар келді. Елімізде сотталғандар саны 2 есеге азайған. Сондықтан, колониялар жабылып жатыр екен. 

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасымен сотталғандарды тиісінше қалыпты жағдайда ұстау үшін жыл соңына дейін қылмыстық-атқару жүйесінің 2 мекемесін жабу жоспарланған. Олар - Қостанай облысы Құсмұрын кентінде орналасқан УК-161/4 және Шығыс Қазақстанда Шуақ кентіндегі ОВ-156/17 мекемелері.

"Соңғы он жылда Қазақстандағы жазаларды орындау мекемелеріндегі сотталғандардың саны 2 есеге азайған. Осыған байланысты, бірнеше жыл қатарынан тозығы жеткен, барлық жағынан ескірген колонияларды жабу бойынша жұмыстарды жүргізіп жатырмыз. Мәселен, өткен жылы біз осындай 4 мекемені жаптық.

Оңтайландыру кезінде назарға алынатын тағы бір мәселе, ол - облыс орталықтарынан шалғайда орналасқан мекемелерді жабу.Себебі, сотталғандарды жұмыспен қамтамасыз етумен қатар, қызметкерлерді жұмысқа алу кезінде белгілі қиындықтар туындайды. Үнемделген қаржы өзге пенитенциарлық мекемелердің материалдық-техникалық жүйесін жақсартуға бөлінеді", - дейді ҚР ІІМ ҚАЖ комитеті төрағасының міндетін атқарушы Есқали Саламатов.


Фото ©Тұрар Қазанғапов

Кей алматылыққа 50 мың теңгеден беріледі

Коронавирус жұқтырған кей алматылыққа 50 мың теңгеден беру жоспарланып отыр. 

Алматы мәслихаты "Алматыда пандемия кезеңінде мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" жобаны көпшілік талқылауына қойды.

Әлеуметтік көмек біржолғы ақшалай төлем түрінде пневмония және коронавирус індетімен (КВІ) ауырған Қағиданың 15 тармағының 1)-8) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде көрсетіледі дейді.

Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына:

1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерi;

2)  Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңының 11 бабының 1 тармағына сәйкес зейнет жасына толған ең төменгі және одан төмен зейнетақы алатын зейнеткерлер;

3) мүгедек балаларды тәрбиелейтін отбасылар;

4) бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектер;

Жобаны мына жерде талқылауға болады.

Қазақстанда карантин режимі жеңілдетіледі

Осы аптада болған ең басты жаңалық деп елде карантин режимінің жеңілдеуін айтуға болатын шығар. Дәлірек айтқанда, Қазақстанда 31 тамыздан бастап карантин тағы жеңілдетіледі.

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен Ведомствоаралық комиссия отырысында нысандардың қызметін жеңілдетудің екінші кезеңі мақұлданды.


Фото скрин: primeminister.kz

Осылайша, биыл 31 тамыздан бастап кей нысанның қызметін қайта бастау туралы шешім қабылдады:

діни объектілер (жеке, ұжымдық іс-шаралар өткізілмейді); бассейндер (жеке форматта, 1 келушіге 5 ш. м. су беті есебінен, алдын ала жазылу арқылы);

жаттығу залдары (1 келушіге 5 ш. м. дейін, алдын ала жазылу арқылы);

спорт кешендері (1 келушіге 5 ш. м. дейін жеке және топтық жаттығулар үшін);

мәдениет нысандары (1 келушіге 5 шаршы метрге дейін, толымдылығы 50 пайыздан аспайды, оның ішінде кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 30 адамға дейін ұжымдық дайындықтар, үзілістерде бөлмелерді желдету, бетперде тағу қажет);

ерекше қорғалатын табиғи аумақтар: мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, қорықтар, резерваттар және т. б. (жеке және 15 адамнан аспайтын ұйымдасқан топтар үшін әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, кемінде 2 метр қашықта, бетперде тағу қажет);

қала маңындағы жолаушылар пойыздарының/электр пойыздарының, қалааралық, облысішілік автобустардың/шағын автобустардың қозғалысына рұқсат беріледі.

"Димаш болғым келеді". Желі қолданушыларын таңғалдырған зағип бала кім?

"Қарғам-ау қайдан келдің, қайдан көрдім, Ақ үрпек балапаны сайран көлдің" деп домбырамен жайлауда ән шырқаған жас баланың даусына желідегі жұрт таңғалды. Tengrinews.kz тілшісі әнші баланың кім екенін анықтады.

Жас әнші - Өріс Төлегенұлы. Қазір Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы жайлауда болғандықтан өзімен сөйлесе алмадық. Алайда әннің авторы Халық Ризабек арқылы оның ұстазы Мырзатай Бексұлтанмен тілдестік. Ол да оңай болған жоқ, себебі Қытай Халық Республикасындағы азаматтармен тек WeChat (қытайлық мессенджер) арқылы сөйлесуге болады. Сондықтан Нұр-Сұлтандағы ҚХР елшілігінің қызметкерлерінің көмегімен сұхбаттастық.

"Болашақта кім болғың келеді деген сұраққа Өрістің өзі "Мен Димаш ағам сияқты әнші болғым келеді, Димаш болғым келеді" дейді. Мықты әнші боларына көзіміз жетеді. Ал енді қазақтың әндерінен қандай әндерді жақсы көреді, айтады десеңіздер, Ақан сері, Біржан сал, Балуан шолақ аталарымыздың әндерін ұнатып, тыңдайды. Орындағысы келеді", - деді Өрістің ұстазы Мырзатай Бексұлтан.

Осы материалдан кейін "Өріске көмектесейік" деп хабарласқан қазақстандықтар бар. Олар Өрістің ұстазымен байланысқа шығып, мән-жайды анықтап жатыр.

ЦСКА Бахтиер Зайнутдиновтің қалай жаттыққанын көрсетті

Мәскеулік клуб YouTube желісіндегі ресми арнасында Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдиновтің клубтағы алғашқы күні туралы видеоблог түсірді. Видеодан қазақстандық футболшының қалай жаттыққанын көруге болады.

25 тамызда Зайнутдиновпен бірге ЦСКА құрамын Бразилия жастар құрамасының қорғаушысы Бруно Фукс толықтырған болатын. Екі футболшы да бес жылдық келісімшартқа қол қойған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram