РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
17 августа 2020 | 15:46

COVID-19 жұқтырған 500-ден аса адамның жағдайы ауыр - ДСМ өкілі

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: © Reuters Фото: © Reuters

Қазақстанда қазір  коронавирус жұқтырған 18 841 адам ем қабылдап жатыр, оның ішінде 99 бала бар. Науқастардың 3 пайызы немесе 509 адамның денсаулығы ауыр және өте ауыр деп бағаланып отыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда қазір  коронавирус жұқтырған 18 841 адам ем қабылдап жатыр, оның ішінде 99 бала бар. Науқастардың 3 пайызы немесе 509 адамның денсаулығы ауыр және өте ауыр деп бағаланып отыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бағдат Қожахметовтің айтуынша, қазір елімізде коронавирус жұқтырған 509 адамның жағдайы ауыр. 72 науқас өкпені жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.

"ДСМ медиаорталығына түскен ресми статистика мынадай: Қазақстанда осы жылдың 13 наурызынан бастап, бүгінге дейін 103 033 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. Жазылып шыққан науқастардың саны 87 777-ге жетті немесе жалпы көрсеткіш 80,3 пайыз. Өкінішке қарай, 1 415 адам қайтыс болды, соңғы бір тәулікте 1 219 жазылды. 18 841 адам ем қабылдауды жалғыстырып жатыр, оның ішінде 99 бала бар. 3 279 адам стационарлық, 15 562 адам амбулаторлық жағдайда емделіп жатыр. Емделіп жатқан науқастардың 3 пайызы немесе 509 адамның денсаулығы ауыр және өте ауыр деп бағаланып отыр. Атап айтқанда, 406 адамның ахуалы ауыр және 103 адамның денсаулығы өте нашар деп көрсетілген. 72 науқас өкпені жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр", - деді ол ОКҚ өткен онлайн-брифингте.

Сондай-ақ ДСМ ресми өкілі 3-9 тамыз аралығындағы статистиканы айтты. 

"Соңғы екі тәулікте жағдайды салыстырмалы түрде жеткізсем, тамыздың 3 мен 9-ы аралығында 7 108 адам коронавирус жұқтырыпты, 222 адам қайтыс болды. ПТР-тест теріс нәтиже көрсеткен 7 940 жағдай тіркелген, 122 адам қайтыс болыпты", - деді Қожахметов.

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтыру дерегі қаншалықты азайды?

Еске салайық, 17 тамыздан бастап елімізде карантин шаралары жеңілдетілді

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети