РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
15 октября 2020 | 10:08

"Біз дайынбыз". Қазақстандықтар коронавирустың екінші толқыны туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Әлемде пандемия жарияланғалы 8 айдан аса уақыт өтті. Сол кезден бері қазақстандықтардың көбі қашықтан жұмыс істеуге көшсе, миллионнан аса адам жұмыссыз қалды. Ал қазір қайтадан көптеген елде коронавирустың екінші толқыны басталып кетті. Сарапшылардың болжамынша, Қазақстанда пандемияның екінші толқыны қараша-желтоқсан айларында басталуы мүмкін. Ал қазақстандықтар бұған дайын ба? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің материалында.


Әлемде пандемия жарияланғалы 8 айдан аса уақыт өтті. Сол кезден бері қазақстандықтардың көбі қашықтан жұмыс істеуге көшсе, миллионнан аса адам жұмыссыз қалды. Ал қазір қайтадан көптеген елде коронавирустың екінші толқыны басталып кетті. Сарапшылардың болжамынша, Қазақстанда пандемияның екінші толқыны қараша-желтоқсан айларында басталуы мүмкін. Ал қазақстандықтар бұған дайын ба? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің материалында.

Лаура, қаржыгер

Алматылық Лаураның айтуынша, коронавирустың екінші толқыны болған күннің өзінде қазақстандықтар оған дайын.

"Әрине, коронавирустың екінші толқыны болғанын қаламаймыз. Дегенмен біз вируспен әлі ұзақ өмір сүреміз деп ойлаймын. Екінші толқында бірінші толқындағыдай қатты ауырмаймыз деп сенемін.

Себебі қазір, біз, әрбір қазақстандық, коронавирустан емделудің жолын біледі. Алғашқы симптомдарын ажырата білеміз. Мен өзім аурудың алдын алып, С дәрумені мен дексаметазон сияқты дәрілерді алып қойдым. Біз дайынбыз", - дейді Лаура.

Асет, бағдарламашы

Алматылық Асет те коронавирустың екінші толқыны болады деген пікірде. Ол пандемияда өзі және отбасы ауырып шыққанын айта отырып, қазақстандықтарды санитарлық талаптарды орындауға шақырды.

"Коронавирус инфекциясының бірінші толқыны ауа тамшылары арқылы тарай отырып, бүкіл әлем бойынша тарады. Сол себепті де Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны болады деп ойлаймын. Себебі қазір маусымдық аурулар асқынатын кезең - адамдарға суық тиеді. Ал бұл адамның иммун жүйесіне кері әсер тигізеді, яғни адамның иммунитеті әлсіреп, коронавирус инфекциясының ауыр формасына әкеледі", - дейді ол. 

Сол себепті Асет пандемияның екінші толқынын алдын алу мақсатында қазақстандықтарды маска тағып, қолды антисептикпен жиі дезинфекциялауға шақырады.

Азайған жалақы, жасырын той, фриланс. Пандемия қазақстандықтардың өмірін қалай өзгертті?

Әйгерім, декреттегі ана

Шымкенттік Әйгерім бұрынғыдай қалыпты өмірге оралу бұл түрімен ұзақ уақытқа созылатынын айтады.

"Декретте отырсақ та, бұл пандемия біздің өмірімізге әсер еткен жоқ деп айта алмаймын. Табыстан айырылмасам да пандемия өмірімізді өзгертті. Бұрынғыдай алаңсыз жүрмейміз. Коронавирустың екінші толқыны қараша-желтоқсан айларында болады деп жатыр. Болжам болса да біз барлығына дайынбыз. Себебі біз барлығымыз бала-шағамызбен ауырып шықтық, қалай емделу керегін де білеміз", - дейді декреттегі ана.

Гүлмира, IT компания қызметкері

Елордалық Гүлмираның айтуынша, коронавирустың екінші толқыны болмауы да мүмкін. Болған жағдайда қазақстандықтар оған дайын дейді.

"Қазір қазақстандықтардың көбі қайтадан қашықтан жұмыс істеуге көшіп жатыр. Бұл, әрине, пандемияның екінші толқынын алдын алу мақсатында жасалып жатыр. Дегенмен мұның барлығы бизнестің әр секторына және жалпы қазақстандықтардың өміріне кері әсерін тигізеді. Сондықтан пандемия жалғаспаса деген сенімдеміз. 

Шынымды айтсам, мен бұдан аса қорықпаймын. Алайда наурыз айындағыдай ТЖ режимі жарияланса, әрине, ол барлығымыз үшін қауіпті", - дейді Гүлмира.

Венера, сұлулық салонының қызметкері

Алматылық Венера Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай қазіргідей тұрақты болып, елде қатаң шектеу шаралары қайта енгізілмейді деген сенімде екенін айтады. 

"Коронавирустың екінші толқыны болмасын деп күні-түні тілеп жүрмін. Себебі елде қайтадан қатаң карантин енгізілсе, біз табыстан айырыламыз. Үй жағдайында жұмыс істегеннің өзінде біз үшін ол қиын болады. Салонда 6-8 клиент қабылдамасам, пандемия болса, көп болса екі адам ғана келетін. Сондықтан да барлық қазақстандықтан министрлік қойып жатқан талаптарды орындап, сақтық шараларын сақтауды сұраймын. Барлығы біздің қолымызда", - дейді Венера.

Жансая, есепші

Тараздық Жансаяның айтуынша, коронавирустың екінші толқыны қараша-желтоқсанда емес, бүгін немесе ертең де басталып кетуі мүмкін.

"Өкінішке қарай, соңғы уақытта қазақстандықтар босаңсып кетті. Барлығымыз ауырып шықтық, енді ауырмаймыз деген оймен жүрген болар. Әлем елдерін қарасақ, қазір пандемия қайта өршіп жатыр. Сондықтан абай болу керек. Қарапайым гигиена ережелерінен бастасақ, біз барлығымыз коронавирусты жеңіп, пандемияның екінші толқынына жол бермейміз деген сенімдемін", - дейді Жансая.

Еске салайық, бүгін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда төтенше жағдай режимін қайта енгізу туралы сұраққа жауап берген болатын. Министрдің айтуынша, барлығы эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Әрбір қазақстандық сақтық шараларын сақтаса, ТЖ режимі енгізілмеуі мүмкін деді министр.

Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 108 984-ке, ал жазылып шыққандар саны 109 094-ке жетті.

Карантин қай елдерде күшейіп жатыр?

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети