ПОДЕЛИТЬСЯ
16 февраля 2021 | 09:52
Бюджет қаражатын игермеген өңірлер мен ведомстволар аталды
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 2021 жылдың қаңтарындағы мемлекеттік бюджет қаражатын игермеген өңірлер мен ведомстволарды атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 2021 жылдың қаңтарындағы мемлекеттік бюджет қаражатын игермеген өңірлер мен ведомстволарды атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Министрдің айтуынша, мемлекеттік бюджеттің шығысы - 91 пайыз, республикалық бюджеттің шығысы - 94,4 пайыз, жергілікті бюджеттердің шығысы 80,6 пайыз атқарылды. Алайда бюджет қаржысын "дұрыс" игермеген өңірлер бар.
"Жергілікті бюджеттердің шығысы 203 миллиард теңге болды. Атқарылмағаны - 49 миллиард теңге. Биыл өңірлерге 1,9 триллион теңге нысаналы трансферттер көзделген. Оларға 1 ақпанға 32 миллиард теңге бөлінген. Олардың 79,3 пайызы игерілген. Атқарылмағаны - 6 миллиард теңге, оның ішінде 2 миллиард теңге - үнемдеу, 4 миллиард теңге игерілмеді. Неғұрлым көп игерілмеу мына өңірлерде: Батыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында, Нұр-Сұлтан қаласында, Ақмола және Атырау облыстарында болды", - деді министр Үкімет отырысында.
Ерұлан Жамаубаев бюджет қаржысын игермеген мемлекеттік органдарды да атап өтті.
"Республикалық бюджет бойынша 1 триллион 212 миллиард теңге шығыстар жүргізілді.
Орындалмау 72 миллиард теңге, оның ішінде үнемдеу 7 миллиард теңге болды. Игерілмеу сомасы - 65 миллиард теңге. Игерілмеудің неғұрлым ірі сомасы мына орталық мемлекеттік органдарда қалыптасты: Қаржы, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Төтенше жағдайлар, Білім және ғылым, Мәдениет және спорт министрліктері", - деді министр.
Айта кетейік, қазір Үкімет отырысында республикалық бюджеттің қаңтар айындағы игерілуі туралы айтылып жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также