РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
29 января 2020 | 11:28

Былтыр Қазақстанда 15 мың адам қос азаматтық үшін жазаланған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© seyminfo.ru © seyminfo.ru

Былтыр елімізде 15 мыңнан аса адам Қазақстан азаматтығынан айырылған. Олардың көбі - Ресей және Өзбекстан азаматтары. Бұл туралы ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство өкілі қос азаматтық алатындардың саны көп екенін айтады.

"Қос азаматтық алатындар көп. Көбі қос азаматтық алып, екі елдің құжатын пайдаланып жүреді. Әдейі екі елдің де әлеуметтік жеңілдіктері мен қандай да бір жәрдемақысын алу үшін осындай әрекетке барып жатады. Әкімшілік заңнамада мұндай әрекеттің, яғни басқа елдің азаматтығын алғаны туралы ескертпеу қатаң жазаланатыны айтылған. Мысалы, 2019 жылдың өзінде 15,5 мыңнан аса адам Қазақстан азаматтығынан айырылды. Олардың көбі - Ресей және Өзбекстан азаматтары. Барлығы анықталып, жауапкершілікке тартылды. Басым бөлігі елден шығарылды", - деді Қожаев.

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары заңбұзушылардың көбі екі елдің құжатын бірдей пайдаланғанын айтты.

Еске салайық, мұның алдында депутаттар қазақстандық шенеуніктердің қос азаматтығы бар-жоғын тексеру керегін айтқан еді. Сондай-ақ, олар адвокаттардың, нотариустар мен сот орындаушыларының да қос азаматтығы бар-жоғын анықтауды сұраған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

Погода

Редакция Реклама
Социальные сети