РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
04 февраля 2021 | 10:36

"Буындары сәл ауырған". Вакцина салдырған шенеуніктердің жағдайы қалай?

ПОДЕЛИТЬСЯ

1 ақпанда елімізде коронавирусқа қарсы вакцинация басталған. Сол күні бірқатар әкім мен шенеунік екпе салдырған еді. Тengrinews.kz тілшісі вакцина салдырған шенеуніктердің қазіргі жағдайы туралы баяндайды. 


1 ақпанда елімізде коронавирусқа қарсы вакцинация басталған. Сол күні бірқатар әкім мен шенеунік екпе салдырған еді. Тengrinews.kz тілшісі вакцина салдырған шенеуніктердің қазіргі жағдайы туралы баяндайды. 

Шымкентте алғашқылардың бірі болып өңір басшысы Мұрат Әйтенов вакцина салдырған. Әкімдіктің баспасөз қызметі Әйтеновтің жағдайын айтты. 

"Мұрат Әйтеновтің жағдайы жақсы. Ешқандай жанама әсер болған жоқ. Әкімнен кейін орынбасарлары, денсаулық сақтау басқармасының басшысы вакцина салдырды. Олармен де сөйлестім. Жағдайлары жақсы, тек буындары сәл ауырған. Басқа жанама әсер болмады дейді. Ешқайсы вакцина салдырғаннан кейін демалмады, бірден жұмысын жалғастырды", - дейді әкімдік баспасөз қызметіндегілер. 


Мұрат Әйтенов

Қызылорда облысының басшысы Гүлшара Әбдіқалықова да алғаш болып екпе салдырған әкімдер қатарында. 

"Мен бүгін ерікті түрде өзіме екпе ектірдім. Дәрігер мамандар екпеден кейін ине салынған орынға су тигізбеуге және егу орнын жылы ұстауға кеңес берді. Мамандар кеңесіне сәйкес әрекет етемін", - деген еді сол кезде Әбдіқалықова. 

Бүгін өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметінен әкімнің жағдайын білдік. 

"Әкіммен жаңа сөйлестім. Жағдайы жақсы. Ешқандай жанама әсер байқалып жатқан жоқ. Қазір жұмысында", - деді әкімдік қызметкерлері. 


Гүлшара Әбдіхалықова

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек те вакцина салдырған. 

"Жеңіс Қасымбектің жағдайы жақсы. Ешқандай жанама әсер жоқ. Вакцинадан кейін денсаулығына шағым айтпады", - дейді әкімдік баспасөз қызметіндегілер. 


Жеңіс Қасымбек

Ал Батыс Қазақстан облысында әзірше әкімдер вакцина салдырмаған. Алғашқылардың бірі болып облыс басшысының орынбасары Айдар Нұралиев екпе ектірген. 

"Қазір жағдайым жақсы, ешқандай жанама әсер жоқ. Жұмысымды қалыпты режимде жалғастырып жатырмын. 20 күннен кейін екінші рет екпе салдырып, қорғанғаныма сенімді бола аламын. Вакцина салдырғаныма өкінбеймін, себебі әдеттегі өміріме тезірек оралғым келеді", - деді ол. 


Айдар Нұралиев

Алматы мемлекеттік бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин де 1 ақпанда вакцина салдырған. Оның жағдайын Алматы қаласы тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметіндегілер хабарлады.

"Жандарбек Бекшин денсаулығы жақсы екенін айтып, халықты екпе салдыруға шақырды. Ол вакцина салған күні сағат 22.00-ге дейін және сейсенбіде сол режимде жұмыс істеді. Вакцинациядан кейін шағым, күтпеген әсер байқалмады", - деді ведомствадағылар.


Жандарбек Бекшин. © Әлихан Сариев

Алматы әкімдігінің орынбасары Ержан Бабақұмаров та вакцина салдырған, оның жағдайы жақсы.

"Ержан Бабақұмаров жұмыс орнында, денсаулығы қалыпты", - деп атап өтті әкімдіктегілер.


Ержан Бабақұмаров. © Әлихан Сариев

Жамбыл облысында вакцина салуды желтоқсанда өңір басшысы Бердібек Сапарбаев бастап берген еді. Ал 1 ақпанда бірқатар мемлекеттік қызметер вакцина салдырды. Олардың қатарында өңірдің денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев бар. 

"Әсет Қалиевтің денсаулығы жақсы, өзін жақсы сезінеді. Ешқандай жанама әсер болған жоқ. Ол мамырда коронавирус жұқтырып, аурудан жазылып шыққан еді. Қазір жағдайы жақсы. Сол жерде 30 минут дәрігерлер бақылауында отырды да, бірден жұмысына оралды", - деді басқарманың баспасөз қызметіндегілер. 


Әсет Қалиев

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети