РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
29 ноября 2019 | 12:18

Бүткіл проблема тиінге тіреліп тұрса, оған мен қуанамын - Сағынтаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы тиін. © Tengrinews.kz Алматыдағы тиін. © Tengrinews.kz

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев тиін мүсінінің тағдыры желтоқсан айында шешілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол елордада Орталық коммуникациялар брифингінде журналистердің сұрағына жауабында айтты.


Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев тиін мүсінінің тағдыры желтоқсан айында шешілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол елордада Орталық коммуникациялар брифингінде журналистердің сұрағына жауабында айтты.

"Алматыдағы тиін мәселесі бәрінен де қызықты жұртқа. Бүткіл проблема сол тиінге тірелсе, оған мен қуанамын. Яғни басқа тірліктің бәрі, басқа жұмыстың бәрі орнында, жұрттың көңіл-күйі орнында, жұмыстың бәрі шешілген", - деді әкім.

Сағынтаевтың айтуынша, тиін мүсіні - жеке жоба. 

"Ол саманнан жасалған, өздеріңіз білесіздер, тозығы жеткен. Қазір үстін жауып қойған. Сол жеке жобаның жетекшілері басқармаға шығып, өз ұсыныстарын, қалай жандандырудың жолдарымен айналысып жатыр. Егер осы желтоқсанда жобалар ұсынылып, тұрғындармен келісілетін болса, онда бізде қарсылық жоқ", - деді Алматы әкімі.

Айта кетейік, бұл арт-нысан 2018 жылдың жазында "Атакентте" орналастырылған еді. Бастапқыда оның бағасы 23 миллион теңге болған. Авторы ұлыбританиялық суретші, мүсінші, плейсмейкер Алекс Ринслер. Алайда кейін оның тозығы жеткені айтылып, түрлі ұсыныс айтыла бастады. Оның реконструкциясына авторлар краудфандинг арқылы 10 миллион теңге жинағысы келген. Кейін оны алып тастау туралы ұсыныс айтылған.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети