Мәдениет және спорт вице-министрі Өркен Бисақаев ОҚК брифингінде бүгінде қанша қазақстандық шетелде демалып жүргені туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мәдениет және спорт вице-министрі Өркен Бисақаев ОҚК брифингінде бүгінде қанша қазақстандық шетелде демалып жүргені туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Вице-министр бүгінде туроператорлар Қазақстан азаматтарының шетелге шығуын шектеуіне байланысты туристік саланың жағдайы оңай емес екенін айтты.
"Біздің есеп бойынша, төтенше жағдай кезінде жалпы сомасы 2,7 миллиард теңгеге 5 526 адам сапардан бас тартуы тиіс. Қазіргі уақытта жолдамамен демалуда шетелде 4556 адам бар. Олардың негізгі бөлігі Мысырда - 2246, Біріккен Араб Әмірліктерінде - 573, Таиландта - 466, Үндістанда - 2016, Мальдив аралдарында - 2044 адам бар", - деді вице-министр ОҚК брифингінде.
Бисақаев қазіргі таңда шетелде жүрген қазақстандықтарды елге қайтару бойынша шаралар жүріп жатқанын айтты.
"Туристерді ұшақпен қамтамасыз ету қазақстандық екі әуе компаниясы жүзеге асырады. Олар - Air Astana мен Scat компаниясы. Қазір аталған компаниялармен техника және қаржы мәселесі талқыланып жатыр", - деді Өркен Бисақаев.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!