РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
21 июля 2020 | 17:08

Бубон обасының Қазақстанға қаупі бар ма? Вице-министр жауабы

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: РИА Новости© Фото: РИА Новости©

"Моңғолияда анықталып жатқан бубон обасын қазақстандықтар жұқтырмайды". Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Моңғолияда анықталып жатқан бубон обасын қазақстандықтар жұқтырмайды". Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Вице-министр Қазақстанда обаның табиғи ошақтары барын атап өтті.

"Егер обаның өкпе, септикалық формасы асқынып кетпесе, бубон обасы адамнан адамға жұқпайды. Бүгінде біздің елімізде обаның табиғи ошақтары бар. Ол үшін біздің санитарлық қызметіміз, обаға қарсы станцияларымыз еліміз бойынша санитарлық-профилактикалық жұмыстар жүргізеді және бұл жағдайды бақылауда ұстайды. Ал егер тек өкпе обасын жұқтырған немесе ауруы асқынып кеткен адам елімізге келмесе, Моңғолиядан біздің қазақстандықтар бубон обасын жұқтырмайды", - деді вице-министр Ажар Ғиният.

Айта кетейік, Қытай солтүстігі мен Моңғолияда кеміргіштер арқылы жұғатын бубон обасы тарай бастады. Оны бес адам жұқтырып үлгерген. Алайда мамандар аурудың бұл түрі инфекцияның жаңа түрі емес екенін айтады. Бубон обасы бактериялық ауру болғандықтан оны антибиотиктермен де емдеуге болады екен. Ғалымдар соңғы уақыттары бубон обасы дер кезінде анықталғандықтан оның тарау қаупі жоғын айтады. Моңғолияда анықталған бубон обасы туралы Tengrinews.kz тілшісі материал жазған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети