ПОДЕЛИТЬСЯ
27 августа 2020 | 13:54
Бірнеше сыныптан COVID-19 анықталса, мектеп жабылуы мүмкін - бас санитар
Кезекші сыныптағы оқушыдан коронавирус анықталса, сынып оқушылары мен мұғалім оқшауланады. Ал бірнеше оқушы жұқтырса, мектеп жабылуы мүмкін. Бұл туралы ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Егер сыныпта бір оқушыдан коронавирус инфекциясы анықталса, мамандар эпидемиологиялық тексеріс өткізеді. Сол сыныптың оқушылары, сабақ беретін мұғалімдері және бір инкубациялық кезеңде тығыз қарым-қатынаста болғандар оқшауланады және зертханалық тексеріс жүргізіледі.
Егер ауру бірнеше сыныпта немесе әртүрлі сыныпқа сабақ берген мұғалімдерде анықталса, аурудың одан әрі таралуын болдырмау мақсатында мектеп толық жабылуы мүмкін", - деді еліміздің бас санитар дәрігері ОКҚ онлайн-брифингте.
"Берлинде 41 мектеп". Оқушылар арасында COVID-19 жұқтырғандар көбейіп жатыр
Еске салайық, елімізде алғаш рет оқу жылы қашықтан оқудан басталады. 1-4 сынып оқушылары үшін кезекші топтар ашылады, 5-сыныптан бастап оқушылар қашықтан оқиды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также