РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
02 апреля 2019 | 20:19

"Бір тиын да алмадым". Гауһар Әлімбекова өзіне жала жабылғанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Гауһар Әлімбекова сот залында Гауһар Әлімбекова сот залында

Алматы қалалық сотында танымал әнші Гауһар Әлімбекованың ісіне қатысты өткен апелляциялық сот отырысында екі тарап бір-біріне айып тақты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы қалалық сотында танымал әнші Гауһар Әлімбекованың ісіне қатысты өткен апелляциялық сот отырысында екі тарап бір-біріне айып тақты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот отырысының басында осы істің басты фигуранты Феруза Ордабаева өз кінәсін мойындап, Әлімбекованың қылмысқа қатысы жоқ екенін айтқан.

Гауһар Әлімбекова өзіне және сіңлісіне деп екі пәтер алу үшін оған 80 мың доллар берген. Кейін әнші бауырының атынан үшінші рет пәтер алып, оның ақшасын беретін кезде Феруза Ордабаева сотталып кетті. Жаңа пәтерлерінде екі-үш жыл тұрған соң, одан үй сатып алғандардың бәрі далада қалды.


Шағымданушы Бақыт Назарова

40 мың долларға үй аламын деген Бақыт Назарованың да аузы солай күйді. Енді ол Ордабаеваны да, онымен кездестірген Әлімбекованы да айыптап отыр.

Әнші сот залында өзін алаяқтық жасады деп айыптаған Назароваға жауап қатты.

"Екі пәтерді алып болған соң, ешқандай мәселе туындаған жоқ. Сол үйлерде екі-үш жылдай тұрдық. Пәтерлердің ақшасын өзім таптым. Тойдан, концерттерден түсетін ашқам бар ғой. Соларды бес-он мың долларлап Ферузаға бөліп бердім. Сол кезде Бақыт Назарова да өзіне үй алғысы келді", - дейді әнші.

Бақыт Назарова болса, үйдің ақшасын екіге бөліп берген. "Ұлым Тимур Такенов алғашқы жарна 14 мың долларды Әлімбековаға берді. Кейін Гауһарды үйіме шақырып, қалған 26 мың долларын қолына ұстаттым", - дейді ол.

Бірақ Әлімбекова Назаровадан ешқандай ақша алмағанын айтады.

"Бір тиын да алмадым. Маған неге жала жауып жүргенін білмеймін. Ордабаева сотталып кеткен соң, ақшасын қайтара алмайтынын біліп, маған кіріскен болар. Өткен сот отырыстарының бірінде Бақыт Назарованың сіңлісі "Ақшаны пакетке салып, Гауһарға беріп жібердім" деп айтыпты. Ол пакетті менің келінім алып шыққан еді. Ал оның ішінде ақша емес, сарқыт қана болды", - дейді Әлімбекова.


Сотталушы Феруза Ордабаева

Сонымен қатар, әнші өзін Назарованың қорқытып, бопсалағанын да айтты.

"Бір күні маған келіп 5000-10000 доллар тауып беруімді талап етті. Мен "Феруза бостандыққа шықса, ақшаңды қайтарады" деп айттым. Сол кезде Бақыт Назарова "Сен өз тегіңе, әке-шешеңе кір келтіруден қорқасың, егер мен арыз жазсам, маған ақшаны жүгіріп әкеліп бере қоясың. Мен сені бүкіл халыққа қара бет қыламын" деп жауап берді. Ол сөйтіп көп ақша сұрай бастады", - деді Әлімбекова көзіне жас алып.

Бірақ апелляциялық сот отырысы соңына дейін жалғасқан жоқ. Судья отырыстың белгіленген мерзімнен ұзап кеткенін айтып, келесі отырысты 4 сәуірге тағайындады.

Еске салайық, елімізге танымал әндердің авторы, әнші Гауһар Әлімбекова 30 қаңтарда алаяқтық үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Көп ұзамай, әнші сот шешімі күшіне енгенше қолхатпен босатылған. Кейінірек әншінің адвокаты Жұмағали Зинелов істің мән-жайын айтып берген еді. Адвокат сот үкімімен келіспейтінін және таяу арада апелляциялық сотқа арыз түсіретінін мәлімдеген.

Айта кетейік, әншінің "Ақ келін", "Көктемге хат", "Жас келін", "Қыз сезімі", "Оралшы махаббат", "Ақмаралым" әндері жұртшылыққа кеңінен таралып, танымал болған. Оның әніне жазылған өлеңдерді танымал эстрада жұлдыздары орындаған.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети