РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
18 ноября 2019 | 13:59

"Бомба түсіп, қазақтардың қаза тапқанын көрдім". Сириядан оралған жігіттің жантүршігерлік оқиғасы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жандос Ажмамбетов мектепте жүргеннен намаз оқып, кейін Сирияға соғысуға аттанған. Ол жақта қосымша күш тобында болған. Бұл туралы ол Adil ukim YouTube-арнасына берген сұхбатында айтты. Тengrinews.kz тілшісі Жандостың Сириядағы өмірі жайлы баяндаған сұхбатын ұсынады.


Жандос Ажмамбетов мектепте жүргеннен намаз оқып, кейін Сирияға соғысуға аттанған. Ол жақта қосымша күш тобында болған. Бұл туралы ол Adil ukim YouTube-арнасына берген сұхбатында айтты. Тengrinews.kz тілшісі Жандостың Сириядағы өмірі жайлы баяндаған сұхбатын ұсынады.

Жандос Ажмамбетов - "терроризмді насихаттады" деген күдікке ілінгендердің бірі. Қарағанды облысының тумасы, Сәтбаев қаласында тұрған.

"Мектепте 11-сыныпта оқып жүргенімде сыныптастарымның көбі намаз оқи бастады. Соларға еріп, намаз оқып, видеолар көре бастадым. Онда Сирияда болып жатқан жағдайлар, мұсылмандардың қиналуы, зорлық-зомбылық көрсетіледі. "Балалар үшін неге соғыспайсыңдар?" дейтін. Қасымдағылар жиһадтың үлкен сауабы болатынын айтты. Пәтерде танысқан жігіттер сол жаққа қарай кетіп бара жатқандарын мәлімдеді. Біреулер отбасын тастап кетті, оларда "Кезінде сахабалар да отбасын құрбан еткен" деген ой болды. Мен де сол кезде кету керек деп шештім", - дейді Жандос.

Таяу Шығысқа соғысуға аттанбас бұрын ол шахтада слесарь болып жұмыс істеген.

2013 жылы Желіде соғысып жатқан жиһадшылардың видеосы мен фотосы жарияланған, солардың қатарында Ажмамбетов те болған.


Видео кадрынан

"Ол жақта түрлі соғысқа қатыстық. Қосымша күш тобында болдым. Соғысқа үш рет қатыстым. Бомба түсіп, қазақ азаматтарының қаза тапқанын көрдім", - дейді Ажмамбетов.

Оның айтуынша, ұлты араб емес адамдарды Сирия аумағынан шығарып жіберу үшін ересектерден 10 мың доллар сұраған. Ал балалар үшін сол соманың үштен бір бөлігін талап еткен. Ажмамбетов ондай қажарат төлей алмай, тұтқынға түскен.

"Басында қайтқым келмеді. Себебі бізге бәрі Ислам шариғатымен болып жатқандай көрінді. Кейін көп нәрсе байқала бастады, саясат бар екенін түсіндік. Таңертең бір адамды көрсем, түсте ол жоқ", - дейді ол. 

Жандос Ажмамбетов "Жусан" арнайы операциясы аясында елге оралған.

"Өз басым 2018 жылы отбасымды елге қайтарғым келді. Әйелім мен бала-шағамды Сирия мемлекетінен шығарып жіберуге тырыстым. Бәріміз пенде болған соң қателік жібереміз. Бұл өзіме, туыстарыма, әсіресе балама әсер етеді, себебі әкесі - террорист. Өкінгенмен уақыт артқа келмейді. Маған Алла тағы бір мүмкіндік берген сияқты", - дейді Ажмамбетов.

Оқи отырыңыз:

"Таныстарым минадан жарылып кетті". ДАИШ құрамында снайпер болған жігіттің оқиғасы

Ағасы әскери базаны өзімен бірге жарып жіберген. Сириядағы соғыста жарақат алған жігіттің оқиғасы

"Аяғым сау болса, өлтіріп тастар еді". Сириядан мүгедек болып оралған жігіттің оқиғасы

"50 доллар жәрдемақы беріп отырды". Террористердің аудармашысы болған жігіттің оқиғасы

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети