08 июня 2021 | 10:30

Білім сапасына қашықтан оқытудың зияны қандай болды? Вице-министр жауабы

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz

Қазақстандық оқушылар бір оқу жылын толық қашықтан оқып тәмамдады. Қашықтан білім берудің тиімді және тиімсіз тұстары қандай болды және онлайн оқу балалардың білім сапасына қалай әсер етті? Tengrinews.kz тілшісінің бұл сұрақтарына ҚР білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова жауап берді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық оқушылар бір оқу жылын толық қашықтан оқып тәмамдады. Қашықтан білім берудің тиімді және тиімсіз тұстары қандай болды және онлайн оқу балалардың білім сапасына қалай әсер етті? Tengrinews.kz тілшісінің бұл сұрақтарына ҚР білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова жауап берді.

Каринованың айтуынша, онлайн форматта оқудың тиімді жақтарымен қоса тиімсіз жақтары да аз болмаған.

"Қашықтан білім алу оқушының өз бетімен жұмыс істеуіне, дер кезінде тапсырмаларды орындау дағдысының қалыптасуына ықпал етті және білім алушылардың, ұстаздардың цифрлық технологияларды жаппай тез меңгеруіне ықпалын тигізді. Алайда, қашықтан оқытудың тиімсіз жақтары да болғаны рас. Мысалы, білім алушылардың теория жүзінде білім алып, практикалық сабақтарда, әсіресе физика, химия, биология сабақтарында зертханаларда тәжірибе алмасуына мүмкіндік болмады. Білім алушылардың әлеуметтік ортада, сыныптастарының арасында бейімделуіне мүмкіндік азайды, ұстаздардың оқушы білімін нақты әділ бағалауында қиындықтар туғызды", - деді вице-министр.

Реклама
Реклама

Шолпан Каринованың айтуына қарағанда, қашықтан оқу балалардың білім сапасына кері әсер еткен.

"Арнайы жүргізілген зерттеу нәтижелері қашықтан оқыту форматында білім беру сапасының нашарлағанын көрсетіп отыр. Бұл жалпы барлық елде болған жағдай. Сондықтан, министрлік білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру үшін олардың бағдарламадан қалып қою деңгейін диагностикалаудың, оны теңестірудің, үлгерімі нашар білім алушылар үшін сараланған консультациялар жүргізудің, ата-аналар мен балалардың қалауы бойынша каникулдық мектептер мен консультациялық онкүндіктерді ұйымдастырудың ережелерін, нұсқаулықтарын әзірледі", - деді ол.

Сонымен қатар, жоғары оқу орындарымен, педагогикалық колледждермен бірлесіп білім алушылар үшін жеке консультациялар ұйымдастырылған.

"Оқу жылының аяқталуына қарамастан, ата-аналардың өтінішімен білім алушыларға 2021 жылғы 19 маусымға дейін жазғы мектептер ұйымдастырылды. Ал келесі оқу жылына қатысты айтатын болсам, егер жаңа оқу жылында елдегі эпидемиологиялық жағдай жақсарса, бас санитария дәрігерінің рұқсатымен оқытудың дәстүрлі форматына көшу жүзеге асырылады деп күтіп отырмыз", - деді Каринова.

Айта кетейік, эпидемиологиялық жағдайға байланысты қазақстандық оқушылар өткен оқу жылының төртінші тоқсаны мен биылғы оқу жылын толықтай қашықтан оқыды.

Қазақстанда карантин аяқталса да қашықтан оқу форматы қолданылады


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram