РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
10 января 2020 | 11:22

Биылдан бастап көлік жүргізушілері не білуі керек?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

2020 жыл қазақстандық жүргізушілерге айтарлықтай өзгерістер әкеледі. Мысалы, жаңа жүргізуші куәлігі, айыппұлдар, жол жүру ережесі талаптарының күшейтілуі және тағы басқа. Жаңа жылдан бастап қазақстандық жүргізушілерді қандай өзгерістер күтетінін Tengrinews.kz тілшісінің материалынан оқи аласыздар.


2020 жыл қазақстандық жүргізушілерге айтарлықтай өзгерістер әкеледі. Мысалы, жаңа жүргізуші куәлігі, айыппұлдар, жол жүру ережесі талаптарының күшейтілуі және тағы басқа. Жаңа жылдан бастап қазақстандық жүргізушілерді қандай өзгерістер күтетінін Tengrinews.kz тілшісінің материалынан оқи аласыздар.

Мас күйде көлік жүргізгені үшін 10 жыл

Прокуратура мәліметінше, елімізде жыл сайын 30 мыңнан аса мас күйде көлік жүргізу деректері анықталып жатады екен. Мас күйде көлікке отырып, жол апатына себепкер болған жүргізушілердің әрекетінің салдарынан былтырдың өзінде Қазақстанда 1000-нан аса адам жарақат алып, қаза тапқан.

Енді жаңа заң бойынша мас күйде көлік жүргізген қазақстандықтарды 10 жылға бас бостандығынан айырып, өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылады.

"Мас күйде жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жаңа бап енгіземіз. Бұл татуласу мүмкіндігі болмайтын ауыр қылмыс түріне жатады. Бүгінде мас күйде көлік жүргізгендерді жүргізу құқығынан екі жылға дейін айыру және 40 тәулікке дейін қамауға алуды көздесе, енді оларға бір жылға дейін немесе 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру нормасы енгізіледі.

10 жылға бас бостандығынан айыру - бұл азаматтың ЖКО-дан қайтыс болуы кезінде осы бап бойынша ең жоғарғы жаза. Олар жеті жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады және өмір бойы құқығынан айырылуы мүмкін", - деген еді бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов ОҚК брифингінде.

Ахметжановтың айтуынша, егер азамат белгілі бір мерзімге құқықтарынан айырылса және оған дейін көлік жүргізу құқығынан айырылғанына қарамастан, мас күйінде көлік жүргізіп ұсталған болса, ол көлік жүргізу куәлігінен өмір бойы айырылады.

Қазақстанда биылдан бастап қандай қылмыстардың жазасы қатаңдатылады

Жаңа куәлік

Былтыр қарашада жүргізуші куәлігі мен көлік құралын тіркеу туралы куәліктің жаңа нұсқасы бекітілген болатын. Қабылданған құжатта жаңа жүргізуші куәлігінде интегралдық чип (микросызба) беткі жағынан сыртқы жағына қарай ауыстырылатыны айтылған еді.

Құжаттың беткі жағында көлік құралы туралы және оның иесі туралы мәліметтер жазылған. Ал куәліктің сыртқы жағында мәліметтерді енгізу үшін арнайы чип орнатылған.

Жүргізуші куәлігін алу үшін мемлекеттік баж салығы - 1,25 АЕК немесе 3 314 теңге.

Айта кетейік, 2021 жылы көлік құжатына саусақ іздерін енгізе бастайды. Бұл туралы ІІМ өкілдері айтқан болатын.

Сондай-ақ, техникалық құжатта штрихкод пайда болатыны хабарланған еді.


Техника құжатының жаңа дизайны. Сурет legalacts.egov.kz сайтынан

 "Сергек" Алматыда

Кеше Алматы полицейлері 2020 жылдың сегіз күнінде "Сергек" камералары 42 миллион теңгеге жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін тіркегенін мәлімдеді.

Полицейлердің айтуынша, қалада осы мерзімде 2 564 жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегі тіркелген.

"Жиі" бұзылатын ережелер арасында жылдамдықты асыру (сағатына 10-20, 20-40 және 40-тан аса шақырым) байқалады. Полицейлер жүргізушілер жол бойындағы жол қозғалысы ережелерінде бекітілген талаптарға назар аудармайтынын байқаған. 


© Тұрар Қазанғапов

Еске салайық, биыл 1 қаңтардан бастап "Сергек" алматылықтарды жол жүру ережелерін бұзғаны үшін айыппұл сала бастады. 

"Сергек" кешендері жайлы алғаш рет 2017 жылы елордалық жүргізушілер айта бастаған еді. Ол кезде жоба қалада сынақтан өткізілген болатын. Соның нәтижесінде бір жылдан соң Нұр-Сұлтанда жол апаты салдарынан қаза табу көрсеткіші 43 пайызға төмендеген. Ал қазір елордада 6 мыңнан аса "Сергек" камерасы орнатылған.

Жаңа жылдан бастап қазақстандықтардың табысы қалай өзгереді?

Жүргізушілер қандай жағдайда өмір бойына бас бостандығынан айырылады?

Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов адам өлімімен аяқталған жол апатына кінәлі жүргізушінің 7 жылдан 10 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылатынын айтты.

Сондай-ақ, прокуратура өкілі жүргізуші куәлігінен айырылып және мас күйде көлік тізгініне отырғандардың да өмір бойына сотталатынын айтып өтті. Ол бұл қаулының 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетінін айтты. 

Бензин қымбаттайды

Былтыр қараша айының соңында ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Қазақстанда жаңа жылдан бастап бензин қымбаттайтынын мәлімдеген еді. Оның айтуынша, жанар-жағармайдың бір литрінің акциз бағасы 10 теңгеге қымбаттайды.

Дәленов бензиннің 10 теңгеге қымбаттауы инфляцияға еш әсер етпейтінін айтады.

Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаментінің директоры Азамат Амриннің айтуынша, бүгінде бензин акцизі - 8 теңге, ал бензин - 150 теңге. Осылайша бензин 6 пайызға қымбаттайды - 150 теңгеден 160 теңгеге.

Ведомство өкілі жиналған қаражаттың барлығы атаулы әлеуметтік көмек алушыларды қаржыландыруға жұмсалатынын айтқан болатын.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети