РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
17 июля 2020 | 18:06

Биыл пневмониядан қанша адам көз жұмды? Күннің басты жаңалықтары

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін елімізде 42 500 теңгеге өтініш жіберу мерзімі басталды. Сондай-ақ, енді коронавирус пен пневмония статистикасын біріктірілетіні хабарланды. Бүгін елімізде жыл басынан бері пневмония жұқтырғандар мен одан көз жұмғандар саны белгілі болды. Tengrinews.kz тілшісі 17 шілдедегі басты жаңалықтарға шолу жасайды.


Бүгін елімізде 42 500 теңгеге өтініш жіберу мерзімі басталды. Сондай-ақ, енді коронавирус пен пневмония статистикасын біріктірілетіні хабарланды. Бүгін елімізде жыл басынан бері пневмония жұқтырғандар мен одан көз жұмғандар саны белгілі болды. Tengrinews.kz тілшісі 17 шілдедегі басты жаңалықтарға шолу жасайды.

Тағы 1707 адамнан коронавирус анықталды

Соңғы бір тәулікте Қазақстанда тағы 1707 адамнан COVID-19 табылған. Оның ішінде 782 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы ретінде тіркелді.

Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз):
Нұр-Сұлтан қаласы - 214 / 73
Алматы қаласы - 282 / 120
Шымкент қаласы - 55 / 28
Ақмола облысы - 45 / 26
Ақтөбе облысы - 51 / 34
Алматы облысы - 57 / 29
Атырау облысы - 181 / 132
Шығыс Қазақстан облысы - 130 / 55
Жамбыл облысы - 89 / 56
Батыс Қазақстан облысы - 108 / 58
Қарағанды облысы - 128 / 49
Қостанай облысы - 53 / 13
Қызылорда облысы - 93 / 37
Маңғыстау облысы - 53 / 32
Павлодар облысы - 83 / 21
Солтүстік Қазақстан облысы - 65 / 7
Түркістан облысы - 20 / 12.

Жалпы Қазақстанда 66 895 адам коронавирус жұқтырған, оның 40 265-і аурудан айыққан. Сондай-ақ, бүгін коронавирустан барлығы 464 адам қайтыс болғаны хабарланды.

Одан бөлек, бүгін Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пен пневмония статистикасын біріктіретінін мәлімдеді. Жаңа статистика 1 тамыздан бастап жүзеге асырылады.


©elements.envato.com

Елде коронавирус жағдайы жақсарып келе ме?

Бүгін коронавирусқа байланысты жақсы жаңалық айтылды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық кеңсесінің төтенше жағдайлар жөніндегі аймақтық директоры доктор Дорит Ницзан Қазақстандағы коронавирус жағдайы жақсарып келе жатқанын мәлімдеді.

"Қазақстандағы коронавирус жағдайы біздің кеңесте алынған мәліметтерге қарағанда жақсарып келеді. Соңғы екі аптада жағдайдың үштен бірі тіркелген болса да, құлдырау байқалады. Мемлекет санитарлық шаралар қолданып жатыр. Сондай-ақ науқастарды тестілеу мен емдеу, инфекцияны бақылау шарасын жақсартып жатыр. Әсіресе Қазақстан пневмония анықталмаған науқастарды тестілеуден өткізуге келісті. Біз мұны барлық елде жасауды ұсынамыз.

Дорит Ницзан қазір вирусты жою үшін әрекет ететін кезең екенін атап өтті.

42 500 теңгеге өтінім қабылдау басталды

Бүгін Қазақстанда жұмысынан айырылған адамдардан 42 500 теңге жәрдемақыға өтінімдер қабылдау басталды. Өтінімдерді Egov.kz, 42500.enbek.kz және homebank.kz порталдары арқылы жіберуге болады.

"42500.enbek.kz порталы арқылы бір уақытта өтінімдерді 75 мыңға дейін азамат бере алады. Бұған дейін хабарланғандай, азаматтарға ыңғайлы болу үшін өтінімдерді қабылдау кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын болады", - делінген ведомствоның хабарламасында.


Фото: Әлихан Сариев

Сондай-ақ, бүгін 700 мың қазақстандыққа 42 500 теңге көлеміндегі төлемді проактив тағайындау үшін SMS-хабарлама жіберілгені хабарланды.

Ал ешқандай хабарлама келмесе, өтінімді өзіңіз де бере аласыз. Оның бірнеше жолы бар:

- egov.kz - "электрондық үкімет" веб-порталы;
- 42500.enbek.kz порталы;
- telegram-bot-тар;
- Aitu мессенджеріндегі 42500.enbek.kz қосымшасы;
- екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары мен интернет-ресурстары.

Өтінімдерді қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Желіде тараған жалған ақпарат

Соңғы күндері әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде 50 мың теңге көлемінде жәрдемақы алу үшін бірыңғай жиынтық төлем жасау керек деген ақпарат тараған. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

"Мессенджерлерде 50 мың теңге мөлшерінде жәрдемақы тағайындау үшін екінші деңгейдегі банктердің әртүрлі шоттары арқылы бірыңғай жиынтық төлемді төлеуді жүзеге асыру қажеттілігі туралы таратылған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда БЖТ-ны мәжбүрлеп аударуға "байланыстырылған" ешқандай жәрдемақылар, төлемдер жоқ деп хабарлайды. Азаматтардан жалған ақпаратқа назар аудармауын және ақпаратты тек ресми көздерден ғана алуын сұраймыз", - делінген хабарламада.

Министрлік Қазақстан Республикасының заңнамасымен жалған ақпаратты таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Қазақстанда пневмониядан қанша адам көз жұмды?

Соңғы уақытта Қазақстанда пневмония жағдайы да күрт нашарлап кетті. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, жыл басынан бері Қазақстанда 234 мыңнан астам пневмония жағдайы тіркелген.

"2020 жылдың 1 қаңтарынан 15 шілдесіне дейін 234 187 пневмония жағдайы тіркелген. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда тіркелген ауру оқиғаларының саны 3,3 есеге артты", - деп хабарлады Цой ОКҚ-да өткен брифингінде.


©elements.envato.com

Сондай-ақ, Цой пневмония бойынша өлім статистикасын да баяндады. Оның айтуынша, бірінші жартыжылдықта пневмониядан болған өлім деңгейі өткен жылдың сол кезеңімен ұқсас. Ал өсу үрдісі маусымның соңында байқалған.

"Бүгін қатаң шектеу шаралары енгізілгеннен кейінгі 12-ші күн және бұл 14 күндік инкубациялық кезеңде шынжырды үзу үшін жеткіліксіз. Осы кезеңдегі барлық дерлік өлім - карантин енгізілгенге дейінгі кезеңде тіркелген жағдайлар. Биыл 1 қаңтардан 15 шілдеге дейін пневмониядан 3 327 өлім оқиғасы тіркелді. 2019 жылдың ұқсас кезеңінде - 1 896 оқиға. Өсім - 1,75 есе", - деді Алексей Цой.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети