14 июля 2020 | 17:00

"Биыл жүз мың адам ауырған". Елдегі "жұмбақ пневмония" ахуалы туралы не белгілі?

Фото ©РИА Новости

Елімізде соңғы айда пневмониямен ауырып жатқандар көбейді. Одан адам өлімі де жиі тіркеліп жатыр. Қытайда Қазақстандағы "белгісіз пневмония" туралы ақпарат тараған. Бұл жағдайды Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) да бақылауда ұстап отыр. Tengrinews.kz тілшісі елдегі "белгісіз пневмония" туралы деректер жинайды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елімізде соңғы айда пневмониямен ауырып жатқандар көбейді. Одан адам өлімі де жиі тіркеліп жатыр. Қытайда Қазақстандағы "белгісіз пневмония" туралы ақпарат тараған. Бұл жағдайды Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) да бақылауда ұстап отыр. Tengrinews.kz тілшісі елдегі "белгісіз пневмония" туралы деректер жинайды.

Қытайда қандай жалған ақпарат тараған?

Реклама
Реклама

Шілденің басында қытайлық БАҚ өкілдері Қазақстанда "белгісіз, өлім деңгейі жоғары" пневмония туралы ақпарат таратқан. Басылымдардың бірінде "Қазақстанда тараған белгісіз пневмониядан өлім қаупі коронавирус да жоғары, Қытай елшігіні ескертеді" деп жазылған.

Бірақ қытайлық журналистердің ақпараты жалған екен. Мұны Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.

"ДДҰ аурулардың халықаралық классификациясын енгізген - АХК-10 пневмонияны есептеу коды, бұл коронавирус диагнозы клиникалық немесе эпидемиологиялық болған кезде қойылған, мысалы, зақымдалған өкпеде "күңгірт шыны" белгілері бар, бірақ зертханалық расталмаған жағдайды айтады.

Осыған байланысты, Қазақстан әлемнің басқа елдері сияқты пневмонияның бұл түрін есепке алуды және бақылауды жүргізеді, бұл коронавирус инфекциясының таралуын тұрақтандыруға бағытталған уақтылы басқару шешімдерін қабылдауға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы не дейді?

Дүние жүзі коронавируспен күресіп жатқанда, Қазақстанда пневмония дерегінің де көбеюі ДДҰ-ны да алаңдатқан секілді. Себебі Қазақстанда биылғы жарты жылда жүз мыңға жуық адам пневмониямен ауырған. Өткен айда пневмониядан 628 адам қайтыс болған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазір елдегі ахуалды бақылап отыр.

Deutsche Welle басылымының мәліметінше, ДДҰ Қазақстандағы пневмония коронавирустың жаңа формасы деген күдігін білдірген.

ДДҰ Денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар жөніндегі бағдарламасының атқарушы директоры Майкл Райан Женевадағы онлайн-брифингте Қазақстандағы жағдайларда "диагностика қате жасалған" деген пікір айтты.

Райанның сөзінше, қазіргі уақытта ДДҰ рентген түсірілімдерін зерттеп, COVID-19-бен сәйкес келетін пневмония үлгілерін анықтау үшін ел билігімен жұмыс істеп жатыр.

"Денсаулық сақтау органдары жалған теріс нәтиже көрсететін тесттердің жоғына көз жеткізу үшін өткізілген тесттер мен тестілеу сапасын тексереді", - деді Райан.

Ал кеше БҰҰ сайтында Қазақстандағы ДДҰ бас өкілі Кэролайн Кларинвальдің сұхбаты жарияланды. Сұхбат барысында елдегі белгісіз пневмония туралы айтылды.

Кэролайн Кларинваль әзірше асығыс шешім қабылдамауға шақырды.

"Иә, маусым айының басынан бастап пневмония жағдайлары көбейді, бізге осы жағдайды анықтауды тапсырды. Денсаулық сақтау министрлігі де осымен айналысып жатыр. Бұл хабарламалар БАҚ тарапынан үлкен назарға ілінді, бірақ біз қорытынды жасамас бұрын деректерді жинап, оларды талдауға тиіспіз. Мен доктор Райанның айтқанын қайталаймын: бұл COVID-19. Кейбір пациенттер көмекке кеш жүгінді, оларда пневмония белгілері бар болса, бірақ біз әзірге вирустың бар-жоғын анықтай алмаймыз.

Сондай-ақ, жергілікті зертханалардың мүмкіндіктерін анықтау қажет. Біз кейде жалған теріс нәтижелер болатынын білеміз. ДДҰ елге зертханалық зерттеулер саласындағы сарапшылар тобын жібереді. Мұнда түрлі себептер болуы мүмкін, бірақ ең бастысы - қорытынды шығаруға асықпаңыз, себебі бізде әлі қажетті барлық ақпарат жоқ", - деді ол.

Тоқаев қандай тапсырма берді?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та қазақстандықтардың белгісіз пневмониядан қайтыс болуына байланысты алаңдаушылық білдіріп отыр. Таяуда өткен үкіметтің кеңестілген отырысында ол денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдан осы мәселені сұраған.

"Біздің елде статистикамызда ескерілмеген белгісіз пневмонияның қозуына байланысты қандай да бір қауесет пайда болды. Бұл не пневмония, шын мәнінде ол бар ма, жоқ па? Бұл пневмониядан өлім-жітім қандай?", - деп сұрады Тоқаев денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдан үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Цой жауап ретінде статистиканы келтірді.

"2020 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанда пневмонияның 98 546 жағдайы тіркелген, ал 2019 жылы 63 436 жағдай тіркелген. Өсім - 55,4 пайыз", - деді министр.


Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Оның айтуынша, бірінші жартыжылдықта пневмониядан 1772 қазақстандық көз жұмды. 2019 жылдың осы кезеңінде аурудан 1780 өлім тіркелген.

"Яғни жағдай төтенше ғой? Өлім көрсеткіші өте жоғары. Мұны мойындау керек", - деді Тоқаев.

Тұрғындарды алаңдататын бірнеше сұрақ бар. "Бұл қандай пневмония? Табиғаты қандай?".  Мемлекет басшысы да Цойдан дәл осылай сұрады.

"Іште оларды бөліп жатқыздық. Мұнда вирустық пневмония бар - 7348 жағдай, әдеттегі бактериялық пневмония - 9759 және анықталмаған вирустық пневмония бар, олар коронавирус инфекциясына ұқсас - 39 702", - деп жауап берді Цой.

Сондықтан, Тоқаев коронавируспен ғана емес, қосымша аурулармен де күресу керегін айтты.

"Сіздерге қазір тек коронавирустың өзіне емес, сонымен қатар ілеспе ауруларға да күш салу керек. Көзді жұмуға немесе бұл мәселені көлеңкеге қалдыруға тырысуға мүлде болмайды. Адамдар қаза табуда. Қатты ауырып жатыр", - деді Тоқаев.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram