ПОДЕЛИТЬСЯ
17 апреля 2020 | 16:29
Биыл еліміздегі мектептерде соңғы қоңырау соғылмайды - вице-министр
Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова жағдай өзгермесе биыл еліміздегі мектептерде соңғы қоңырау соғылмайтынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова жағдай өзгермесе биыл еліміздегі мектептерде соңғы қоңырау соғылмайтынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алдымен вице-министр оқушылар емтиханды қалай тапсыратынын түсіндірді.
"Биыл қорытынды аттестация болмайды. 9-сыныпта 4 пәннен, 11-сыныпта 5 пәннен емтихан өткізу қарастырылған. Сондықтан қорытынды аттестациялау жүргізілмейді. Барлық пән бойынша жылдық қорытынды негізінде аттестат тапсырылады", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Осы орайда Шолпан Каринова биыл еліміздегі мектептерде соңғы қоңырау соғылмайтынын атап өтті.
"Соңғы қоңырау - оқу жылы аяқталған соң өткізілетін салтанатты іс-шара. Оған мектеп ұжымы мен оқушылар қатысады. Егер жағдай өзгермесе, соңғы қоңырау болмайды", - деді вице-министр.
Показать комментарии
Читайте также