РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
04 июня 2020 | 11:42

"Биыл елімізде төленбеген алимент 6 миллиард теңгеден асты". Депутат заңның шикі тұстарын атады

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет:  evroportal.ru Көрнекі сурет: evroportal.ru

Борышкерлер алимент төлемеген жағдайда сот орындаушылар қылмыстық жауапқа тарту туралы ұсыныс бере алады. Ал, қудалау органдары іс-әрекетте қылмыстық құқықбұзушылық құрамының болмауын басшылыққа алып, істі жүргізбейді. Сонда екі заң бір-біріне қайшы келіп, борышкерлер қылмыстық жауапқа тартылмай қалады. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында депутат Мұхтар Жұмағазиев айтып, Әділет министрлігінің өкілдерінен себебін сұрады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Борышкерлер алимент төлемеген жағдайда сот орындаушылар қылмыстық жауапқа тарту туралы ұсыныс бере алады. Ал, қудалау органдары іс-әрекетте қылмыстық құқықбұзушылық құрамының болмауын басшылыққа алып, істі жүргізбейді. Сонда екі заң бір-біріне қайшы келіп, борышкерлер қылмыстық жауапқа тартылмай қалады. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында депутат Мұхтар Жұмағазиев айтып, Әділет министрлігінің өкілдерінен себебін сұрады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Депутаттың айтуынша, биыл алимент төлемеген борышкерлердің қарызы 6 миллиард теңгеден асқан. Сондай-ақ бір заңда борышкерлер қылмыстық жауапқа тарту көзделсе, екінші заң оны теріске шығарады. 

"Елімізде алименттер бойынша осы жылы бережақ сомасы 6 миллиард теңгеден асты. Заңға сәйкес еңбекке жарамды ата-аналар балаларын асырап-бағуға міндетті. Алайда, өз жауапкершілігінен қашып жүргендер бар және алимент өндіріп алу үшін оларды сот орындаушылар арқылы ұстауға тура келеді. Осыған орай "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" заңның 126-бабы 16-тармағында сот орындаушысы қылмыстық қудалау органына сот актілерін орындаудың қасақана жалтарған адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізуге құқылы екені жазылған.

Бірақ жеке сот орындаушылар осы норманы қолданған жағдайда қылмыстық қудалау органы қылмыстық-процестік кодекстің 35-бабы 1-тармағы 2) тармақшасына сәйкес, іс-әрекетте қылмыстық бұзушылық құрамның болмауын басшылыққа алып, іс жүргізуін болғызбайды. Осыған байланысты сұрағым: борышкерлерді қатаң қолға алу керек деп ойламайсыз ба?", - деді Жұмағазиев.

Әділет вице-министрі Наталья Пан депутаттың сұрағына жауап берді. Айтуынша, борышкерлердің арасында қылмыстық жауапқа тартылғандар бар. Сонымен қатар, сот орындаушылары өз еркімен арнайы шот ашып, жағдайы нашар отбасылардың балаларына көмектесуді қолға алған.

"Бұл мәселені білеміз. Шынымен, сіз айтқан және бүгін сот орындаушылар қолданатын қылмыстық кодекстің баптарын дәлелдеу қиын. Кейде қылмыстық тергеу органдары істі тоқтатуға тура келеді. Себебі борышкерлер "жұмыс жоқ", "мүлік жоқ" деген дәлелдер келтіріп, балаларын басқаша қамтамасыз ете алмаймыз деген себептер айтады. Дегенмен былтыр ішкі істер миистрлігі, көші-қон қызметі, мемлекеттік кірістер, әділет органдарымен бірлесе, кей тұлға қылмыстық жауапқа тартылды. Дегенмен тек жазалау шараларымен проблема шешілмейді.

Сондықтан әділет органдары әкімдіктермен бірлесіп, мұндай борышкерлерді жұмыспен қамту үшін шаралар жоспары әзірленіп жатыр. Сондай-ақ Сенат қарауында жатқан заң жобасында борышкерге қатысты іздеу жариялауды жеңілдету, яғни кей әкімшілік норманы алып тастау қаралып жатыр. Бұдан бөлек жеке сот орындаушылары өз еркімен арнайы шот ашты. Оған салынған ақшадан жағдайы тым нашар отбасыларға 20 АЕК көлемінде көмек беріледі. Сондықтан шаралар қабылданып жатыр, жұмысты бақылап отырмыз", - деді вице-министр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети