РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
04 ноября 2020 | 18:07

Биыл ана өлімі 2,8 есеге артты - вице-министр 

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният елімізде коронавирус инфекциясының ушығуына байланыс ана өлімі 2,8 есе артқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният елімізде коронавирус инфекциясының ушығуына байланыс ана өлімі 2,8 есе артқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Биыл коронавирус инфекциясының ұшығуына байланысты жүкті әйелдердің арасындағы ана өлімі күрт өсіп кетті. Былтырға қарағанда көрсеткіш 2,8 есе артты. Бұл жағдай жүкті әйелдердің физиологиясына да байланысты. Жүктілік кезінде әйелдердің денсаулығына үлкен күш түседі. Сонымен қатар, басқа да гормон фонына байланысты (жүкті әйелдің - ескерту) қан тамырларында, өкпе жұмысында қиындық туындайды. Оған вирус қосылса, жағдайы нашарлайды. Сондықтан бұл ауру (коронавирус - ескерту) ана өлімінің басты себебі болып отыр", - дейді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз қызметінде.

Вице-министр коронавирусты қайта жұқтырған қазақстандықтың симптомдарын айтты

Ажар Ғиният болашақ аналарға сақ болуға кеңес берді.

"Осыған байланысты жүкті әйелдерге сақтануға, оларды көпшілік орындарға жібермеуге кеңес береміз", - дейді вице-министр.

Сырқаттану өсімі барлық өңірде байқалып отыр - ДСМ

Айта кетейік, Қазақстанда 113 741 науқас COVID-19 жұқтырды. 106 893 науқас жазылды, 1 857 адам аурудан көз жұмды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети