РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
05 августа 2020 | 18:21

Бейруттағы жарылыстан қаза тапқандар саны артып жатыр. Күннің басты жаңалықтары

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін дүние жүзі Бейруттағы жарылысты талқылап жатыр. Жарылыстан жүзден аса адам қаза тапқан. Сондай-ақ, Қазақстан консулы да зардап шеккені хабарланды. Tengrinews.kz тілшісі 5 тамыздағы басты жаңалықтарға шолу жасайды. 


Бүгін дүние жүзі Бейруттағы жарылысты талқылап жатыр. Жарылыстан жүзден аса адам қаза тапқан. Сондай-ақ, Қазақстан консулы да зардап шеккені хабарланды. Tengrinews.kz тілшісі 5 тамыздағы басты жаңалықтарға шолу жасайды. 

Коронавирус жұқтырғандар 94 мыңнан асты

Қазақстанда соңғы бір тәулікте 1062  адам коронавирус жұқтырды. Оның ішінде клиникалық белгілері жоқ 493 тасымалдаушы бар.

Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз):

Нұр-Сұлтан қаласы - 210 / 108
Алматы қаласы - 176 / 101
Шымкент қаласы - 14 / 8
Ақмола облысы - 46 / 22
Ақтөбе облысы - 11 / 3
Алматы облысы - 22 / 12
Атырау облысы - 38 / 26
Шығыс Қазақстан облысы - 122 / 50
Жамбыл облысы - 41 / 15
Батыс Қазақстан облысы - 59 / 28
Қарағанды облысы - 92 / 21
Қостанай облысы - 55 / 23
Қызылорда облысы - 28 / 15

Осылайша, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 94 882-ге жетті. Оның ішінде 67 031 адам аурудан айықты. Ал 1091 адам коронавирустан қайтыс болған. 

Тамызда 8 мың адамнан пневмония табылған

Денсаулық сақтау миинстрлігі 2020 жылғы 5 тамызда тіркелген коронавирустық инфекция симптомдары бар пневмония бойынша ақпарат жариялады. 

"Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 1 799 жағдайы және 17 өлім жағдайы тіркелді", - делінген ДСМ хабарламасында.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 8 054, 86 өлім жағдайы тіркелді.

"ҚР Денсаулық сақтау министрлігі КВИ-ге қатысты әр тәуліктегі ақпаратты күн сайын жариялап отырады. Барлық мәлімет министрліктің ресми сайтында және ведомстваның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны, қайтыс болғандар және қоғамдағы маңызды жағдайлар ресми ақпарат көздері арқылы жедел жарияланады. Ал, аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі апта сайын арнайы брифингте хабарлайды", - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Бейрутта жойқын жарылыс болды

Бүгін дүние жүзі Ливан астанасы Бейрутта болған жарылысты талқылап жатыр. Қазақстанда да бұл басты жаңалықтардың бірі болды. 

4 тамызда түнде Бейрут портында жойқын жарылыс болған. Қала губернаторының айтуынша, қаладағы ғимараттардың жартысы қираған, ауруханалар зардап шеккендерге толы.

Ливан премьер-министрі Хассан Диябтың айтуынша, жарылысқа алты жыл бойы 2750 тонна аммиак селитрасының дұрыс сақталмауы себеп болған. 

"Бүгінде 4 мыңнан аса адам жарақат алған, 100-ден аса адам қайтыс болған. Біздің топ әлі де іздестіру, құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр", - дейді Қызыл Крест ұйымы өкілдері. 

Сонымен қатар, бүгін Бейруттағы жарылыс кезінде Қазақстанның консулы зардап шеккені хабарланды. Жарылыс кезінде дипломатиялық миссияның қызметкерлері жұмыс күні аяқталғаннан кейін жұмыс орнынан кетіп қалған. Консул жұмыста қалған болатын және жарылыс толқыны салдарынан жеңіл жарақат алған.

Жарылыс туралы ақпарат шықаннан кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрлігіне Ливандағы қазақстандық азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ, Тоқаев Ливан президентіне көңіл айтты.

Желіде оқиғаның видеосы мен суреттері жарияланып жатыр. 

Оңтүстік Кореяда қазақстандық жігіт марапатталды

The Korea Times басылымының хабарлауынша, бүгін Оңтүстік Кореяда 10 адамды құтқырған 28 жастағы Әлиакбар Юлдашев марапатталды.

Қазақстан азаматына Оңтүстік Кореяда тұрақты тұруға құқық берілді. 

Канвонд провинциясы Янъян уезінің басшысы қазақстандық Әлиакбар Юлдашевты ерлігі үшін нагдрасымен марапаттады. Әлиакбар корейліктер арасында Әли есімімен танымал екен.


Әлиакбар Юлдашев және Янъян уезінің басшысы Ким Чин-ха

Оңтүстік Кореяның денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету министрлігі Қазақстан азаматымен қатар такси жүргізушісін де марапаттаған. Ол осы жылдың қаңтарында Сеулде өз-өзіне қол салмақ болған адамды құтқарған.

Әлиакбар бұл наградасы арқылы Оңтүстік Корея үкіметінен өтемақы алып, осы елде тұрақты тұруға мүмкіндік алды.

Қазақстанда Абай күні атап өтіледі

Бүгін Қазақстанда жаңа мереке - Абай күні бекітілді. 

"ҚР мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына толықтыру енгізілді.

"Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 53, 343-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі:

мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:

"22-1. Абай күні - 10 тамыз".

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі", - делінген құжатта.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети