04 августа 2021 | 19:00

Белгілі дәрігер Ashyq жобасының пайдасынан зияны көбін мәлімдеді

Фото:gov.kz

Белгілі дәрігер Мыңжылқы Бердіқожаев Ashyq жобасының пайдасынан зияны көбін мәлімдеді. Бұл туралы Aibat жаңалықтар қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Белгілі дәрігер Мыңжылқы Бердіқожаев Ashyq жобасының пайдасынан зияны көбін мәлімдеді. Бұл туралы Aibat жаңалықтар қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Жаңалықтар қызметінің мәліметінше, дәрігер қосымшаны қолдануға тыйым салу керегін айтқан. Хирург Үкіметтің жұрт қозғалысын қадағалайтын Ashyq жобасына сеніп, көптеген мекемені ашып тастағанына қарсы. Маман вирус таратып жүргендерді бағдарлама тоқтатпайтынына сенімді.

"Жедел жәрдем шақырса, келмейді. Келсе де, ПТР-тест алмайды. Өздері барып тапсыру керек. Олар өздері барып тапсырып, жұрттың бәрін жұқтырып жатыр. Проблема - адам көп жиналатын жер ғой. Көбіне сол Ashyq-пен кіретін жерлер. Мейрамхана, кафе, магазин. Бәріне бірдей талап қою керек", - дейді маман.

Реклама
Реклама

Ashyq арқылы шағын және орта бизнес қайта есігін айқара ашты. Бұл бірінші кезекте азаматтардың табысынан түбегейлі қағылмауы үшін жасалып жатыр. Ал, халықтың қосымшаға қатысты пікірі мынадай:

"Мен ол керек емес деп ойлаймын. Мысалы, дүкенге кіргенде кезек болып тұрамыз. Мысалы, менде интернет таусылып қалса сонда кірмеймін бе?", "Дұрыс ашық бағдарламасы. Қазір карантин, ковид жүріп жатыр", "Дүкендерге не үшін қажет? Қазір вакцина алып жатырмыз. Міне өзім екінші компонентін алып келе жатырмын", - дейді тұрғындар.

Жаңалықтар қызметінің мәліметінше, Ashyq бағдарламасы коронавируспен күресте 100 пайыз көмектеседі деп айту қиын. ПТР-тест тапсырмай, ауырып жүрген адамның статусы да көк болады. Себебі, оның дерегі тіркелмеген. Вакцина алмаған және ауырған адаммен байланыста болмаған адамның да статусының түсі осындай. Бір қызығы, барлық адамның статусы осындай болса, қосымшасы бар адам кез келген жерге кіріп кетеді.

Цифрлық даму министрлігінің өкілдері мұндай фактіні жоққа шығармайды. Сондықтан министрлік өкілдері қоғам тек қосымшаға сеніп жүре бермеу керегін атап өтті. Ал карантин талаптарын елемейтіндер әлі көп.

"Біздің азаматтарымыз 5-6 күн өткен соң өзін жақсы сезініп, тест тапсырады. Тесттері теріс шықса ауырмаймын деп ойлайды да, бір жерге барғысы келеді, сосын оларда қызыл болып шығады. Дәрігерлер оларға 14 күн ешқайда шықпаңыздар, ол карантин уақыты дейді. "Нұрлы жол", әуежай группалары бар. Күнде жазады. Осындай адамдарды кіргізбедік деп. Адамдар естіп жатыр ашық тұр, Ashyq-сыз кіргізбейді деп. Бірақ ауырып тұрып, ПТР бар болса да барып жатыр", - дейді министрліктің департамент директоры Бекболат Молдабеков. 

Яғни министрлік өкілі алдайтын Ashyq емес, өзінің де, өзгенің де денсаулығына атүсті қарайтын адамдар деп санайды. Ал коронавирустан қорғаушы қосымша екеніне сенімді шенеуніктер жобаға бюджеттен бір тиын да жұмсамадық деп отыр.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram