Белгілі ақын Жарқын Бөдешұлы өмірден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Белгілі ақын Жарқын Бөдешұлы өмірден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қаралы хабарды Қазақстан Жазушылар одағының өкілдері растады.
"Иә, Жарқын ағай бүгін таңертең өмірден өтті. Апай хабарласып, ағаның қайтыс болғанын хабарлады. Аға ауырып жүрген", - деді Жазушылар одағының өкілі.
Айта кетейік, Жәркен Бөдешұлы 1944 жылы 15 мамырда ҚХР-дың Тарбағатай аймағы Толы ауданындағы Жайыр тауында дүниеге келген. Азан шақырып қойған аты-Жармұхаммед. ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. Мерзімдік басылымдарда және мемлекеттік Кітап палатасында жауапты қызметтер атқарған.
Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығында бөлім меңгерушісі болған. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының әдеби кеңесшісі болған. Әтүрлі басылымда ақынның "Аңырақай бекетіндегі ой", "Қарауыл төбе", "Генерал Жаһар Дудаев", "От пен су" ("Сорос- Қазақстан" қорының жүлдесі берілген), "Тас бесік", "Бостандықтың басы", "Шер", "Жалғыз" атты дастандары жарияланды.