РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
28 января 2021 | 12:20

Бекшиннің жаңа қаулысы: Алматыда ақпаннан бастап қандай шектеулер болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматыда карантин шаралары күшейді. Өңірдің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулы шығарды. Ол 1 ақпанда күшіне енеді. Tengrinews.kz тілшісі жаңа қаулы бойынша Алматыдағы жаңа тыйымдар туралы баяндайды. 


Алматыда карантин шаралары күшейді. Өңірдің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулы шығарды. Ол 1 ақпанда күшіне енеді. Tengrinews.kz тілшісі жаңа қаулы бойынша Алматыдағы жаңа тыйымдар туралы баяндайды. 

Демалыс күндері сауда үйлері жабылады

Жаңа қаулыдағы ең басты тыйым сауда, ойын-сауық үйлеріне болып отыр. Енді сенбі мен жексенбіде сауда үйлері қайта жабылады. Алматыда сауда үйлерінің сенбіде жұмыс істеуіне былтыр қазанда, жексенбіде ашылуына қарашада рұқсат берілген болатын. 

Ал жұмыс күндері сауда үйлері сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді. 

"Жұмыс күндері сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін СОСО, сауда үйлері мен сауда желілерінің қызметін шектеп, сенбі мен жексенбіде қызметіне тыйым салынсын", - делінген қаулыда.


Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Ал сауда үйлеріндегі супермаркеттер мен дәріханалар ашық бола береді, тек сыйымдылығы 30 пайыздан аспауы қажет. 

Сауда үйлерімен қатар жабық базарлар да (азық түлек, азық-түлік емес) демалыс күндері жұмыс істемейді. Ал жұмыс күндері 17:00-ге дейін ашық болады. Ал ашық базарлар тек жексенбіде жұмыс істемейді. 

Кинотеатрлар да жабылады

Жаңа қаулы бойынша Алматыдағы кинотеатрлар жұмысына да тыйым салынды. 

"Мәдениет объектілерінің, театрлардың, кинотеатрлардың қызметіне тыйым салуды орындауды қамтамасыз ету", - делінген қаулыда.

Алматыда кинотеатрлар қазанның соңында ашылған болатын.  


Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Вирус жұқтырғандар ауруханаға жатқызылады

Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысына сүйенсек, енді коронавирус тестінің нәтижесі оң болғанның бәрі ауруханаға жатқызылады.

"Коронавирус инфекциясының барлық нысанындағы науқастар міндетті түрде ауруханаға жатқызылсын", - делінген қаулыда. 

Тағы бірқатар тыйым бар

Былтырғы наурыздан бері елімізде отбасылық, мерекелік іс-шаралар өткізуге тыйым салынған. Жаңа қаулыда бұл тыйым сақтаулы. 

"Ойын-сауық мекемелерінің (жабық үй-жайлардағы балалардың ойын алаңдары мен аттракциондары, батуттар және басқалар), букмекерлік кеңселердің қызметіне тыйым салынсын", - делінген қаулыда.

Ал ашық ауадағы аттракциондар жұмысына рұқсат берілді. 


Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Сондай-ақ, жаңа қаулы бойынша облысаралық және қалалық тұрақты емес тасымалдау қызметіне тыйым салынды. Балаларды сауықтыру ұйымдары, яғни, лагерьлер де жұмыс істемейді.

Сауна мен бассейндер демалыста жабылады

Қоғамдық тамақтану орындарының қызметіне де шектеу қойылды. Енді мұндай нысандар 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Ұжымдық іс-шара өткізуге тыйым салынған. Сыйымдылығы 50 пайыздан аспауы қажет. Әр үстелде төрт адамнан артық отыруға болмайды.

Ал сауда үйлеріндегі тамақтану орындары тек тамақ жеткізумен айналысады. 

Сауналар мен бассейндер сенбі мен жексенбіде жабылады. Олардың қызметіне де шектеу қойылған. 

"Сауналар, СПА-орталықтар, бассейндердің күнделікті жұмысын сағат 8:00-ден 21:00-ге дейін шектей отырып, сенбі-жексенбіде қызметіне тыйым салынсын", - делінген қаулыда. 

Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысын оқуға болады. 

Айта кетейік, бұған дейін Алматы қаласы коронавирус бойынша "қызыл аймаққа" енген болатын. Кейінгі тәулікте өңірде 138 адамнан COVID-19 табылған. Пандемия басталғалы Алматыда 21 685 адам вирус жұқтырған. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети