РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
23 июня 2021 | 12:32

Бекшин үнді штамын Алматыға кім әкелгенін айтты

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Алихан Сариев Фото: Tengrinews.kz/Алихан Сариев

Жандарбек Бекшин үнді штамының Алматыға қайдан келгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жандарбек Бекшин үнді штамының Алматыға қайдан келгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Алматы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн-брифинг барысында айтты.

Бекшиннің айтуынша, үнді штамын 1984 жылғы азаматша шет елден әкелген.

"Оның айналасындағы 7 адамды зерттеуге алдық, олар оқшауланды. Бұл отбасында үш адам бар, біреуі бала - 7 жаста. Оған кеше зерттеу жасадық, нәтижесі теріс болып шықты. Азаматша жұқпалы аурулар станционарында оқшаулауда, ем алып жатыр. 7 жастағы қызы да оқшауланды. Жақын қарым-қатынаста болған - бес адам. Отағасы іссапарда, ол ақпанда коронавируспен ауырып шыққан, сондықтан оған жұғу қаупі минималды. Сонда да біз оның жұмыс орнына бұл хабарды жеткіздік, ол да бақылауға алынды", - деді Бекшин.

Сонымен қатар, Бекшин үнді штамын жұқтырған әйелдің үй шаруасындағы адам екенін, еш жерде жұмыс істемеген соң айтарлықтай көп адаммен байланыста болмағанын айтты.

Айта кетейік, бұған дейін Жандарбек Бекшин Алматыда үнді штамының анықталғанын мәлімдеген болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети