РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
27 апреля 2021 | 17:05

Бекшин мамыр айындағы коронавирус жағдайына болжам жасады

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мамыр айына болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мамыр айына болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің айтуынша, Алматыдағы эпидемиологиялық ахуал локдаун жариялайтын жағдайға бармайды.

"Ұзақмерзімді болжамға сәйкес, сәуірдің ортасы мен аяғы және мамырда коронавирустың өршу кезеңі болады деп болжанған еді. Қазір вакцина жеткізіліп, жаппай екпе салынып жатыр. Сонымен қатар, қазір ахуал тұрақталып келе жатқаны байқалады. Егер вакциналау жұмыстары қарқын ала түссе мамырда жұқтыру деректері азаяды деп болжап отырмыз. Алматыдағы жағдай локдаун жариялайтын жағдайға бармайды", - деді Бекшин.

Айта кетейік, бүгін Үкімет отырысында ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі эпидахуалдың жақсарғанын мәлімдеді. Министрдің айтуынша, наурыз айының соңы мен өткен аптада тіркелген көрсеткіштерді салыстырғанда елімізде коронавирус жұқтыру айтарлықтай төмендеді.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети