Алматыда "дельта" штамының 46 жағдайы тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда "дельта" штамының 46 жағдайы тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы Алматы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн-брифинг барысында айтты.
"18 маусымнан бастап "дельта" штамының диагностикасына кірістік. 131 сынама жасадық, оның ішінде 77 жағдай немесе 59 пайызы ұлыбританиялық "альфа" штамы, 46 жағдай немесе 35 пайызы - үнді "дельта" штамы". Сонымен қатар, 2 сынамада Оңтүстік Африка штамы және 1 сынама Нью-Йорк штамы анықталды", - деді Бекшин.
Бекшиннің айтуынша, бұл зерттеулер тәулік бойы жасалып жатыр.
"Үнді штамының таралауы өте жылдам, соңғы 3 күнде 46 сынаманың 45-інен үнді штамы анықталды", - деді Жандарбек Бекшин.
Бұған дейін үнді штамы үй шаруасындағы әйелден анықталғаны хабарланған еді. Ол кезде Бекшин үнді штамын жұқтырған әйелдің үй шаруасындағы адам екенін, еш жерде жұмыс істемеген соң айтарлықтай көп адаммен байланыста болмағанын айтқан болатын.
Бекшин үнді штамын Алматыға кім әкелгенін айтты