Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин шаһарда қандай объектілер жұмыс істемейтінін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин шаһарда қандай объектілер жұмыс істемейтінін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оның айтуынша, қалада 2715 адам коронавирус жұқтырған. Олардың 60 пайызы дертінен айыққан. Осы орайда ол карантин талабы күшейетінін айтты.
"Мысалы, ашық бассейндер, жағажайлар, саябақтар мен скверлерде, ойын-сауық аттракциондары іске қосылмайды. Қаланың сыртындағы және мектептердің жанындағы сауықтыру нысандары, шипажайлар ашылмайды. Мәдениет нысандары, ойын-сауық орталықтарында орналасқан кинотеатрлар, фудкорттар, оның ішінде балалар ойнайтын алаңдар және тағы басқа объектілер ашылмайды", - деді ол өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Сонымен қатар, Жандарбек Бекшин карантин талабын жиі бұзатын нысандардың жұмысы қайта тоқталуы мүмкін екенін атап өтті.