РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
12 июля 2021 | 17:14

Бекшин Алматыда ауруды қай жастағылар көп жұқтырып жатқанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

TENGRINEWS/Турар Казангапов © TENGRINEWS/Турар Казангапов ©

Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин қалада ауруды қай жастағылар көп жұқтырып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин қалада ауруды қай жастағылар көп жұқтырып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бекшиннің айтуынша, бүгінде 20-39 жас аралғындағы азаматтар алаңдатып отыр. 

"Бізді алаңдатып отырған бір контингент бар - 20-39 жас аралығындағы азаматтар арасында науқастар көп тіркеліп жатыр. Оның себебі - жастар арасында эпидахуалдың, каранин талаптарының бұзылуы. 20-39 жас аралығындағы жастар аурулар санының 39 пайызын алып отыр. Бұл бүгінде ең көп көрсеткіш.

40-59 жас аралығындағылар - аурудың 25 пайызын алып отыр. Яғни әрбір төртінші науқас осы контингенттен шығады. Біз жағдайды талдап отырамыз. Қалада мутацияланған нұсқалар анықталды. Сондықтан, әрине, біздің талаптарымыз да күшейіп жатыр", - дейді Жандарбек Бекшин ӨКҚ алаңында өткен брифингте. 

Қаланың бас санитария дәрігері тұрғындарды бұрынғы қалыпты өмірге қайтып келу үшін карантин талабын сақтап, оны бұзбауға шақырды. 

Еске салайық, Алматы коронавирус жұқтырған науқастар саны бойынша екінші орында тұр: пандемия басталғалы 78 916 адам COVID-19 жұқтырса, оның 72 568-і аурудан айыққан.  

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети