РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
29 января 2021 | 10:58

"Байқоңырда медбике ауруханаға түскен". Желіде вакцинация туралы жалған ақпарат тарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Желіде Байқоңырда медицина қызметкерлеріне вакцина салынып, салдарынан медбикелер ауырып, бірінің аяқ-қолы тырысып, дірілдеп жатқаны туралы хабарлама тарады. Онда ауруханада дірілдеп жатқан қыздың видеосы көрсетілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Желіде Байқоңырда медицина қызметкерлеріне вакцина салынып, салдарынан медбикелер ауырып, бірінің аяқ-қолы тырысып, дірілдеп жатқаны туралы хабарлама тарады. Онда ауруханада дірілдеп жатқан қыздың видеосы көрсетілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Хабарлама авторының айтуынша, вакцина салдырғандар ауырып жатыр екен. 

"Байқоңырда сыныптастарым бар, дәрігер, медбике болып жұмыс істейді. Оларға вакцинация бастапты. Бір сыныптасыма кеше салған екен. Бірініші күні сүйектері сырқырап, орнынан тұра алмай жатып қалыпты. Аяқ-қолымды баса алмай қалдым дейді. "Ертеңіне сүйектерім ауырғаны басылып, орнымнан тұра алмай, ұйықтай беремін" деді", - дейді видео авторы. 

Оның сөзінше, тағы бір медқызметкер вакцинадан кейін денесі сіресіп, ауруханаға түскен. 

"Кеше тағы бір қызға вакцина салған екен, аяқ-қолы тырысып, дірілдеп, жедел жәрдем қызметі инфекциялық ауруханаға алып кетіпті", - дейді видеодағы әйел даусы. 

Сол сәтте ауруханада дірілдеп жатқан қыздың видеосы көрсетіледі.

Бірақ "Байқоңыр ауруханасында түсірілді" деген бұл видео жалған. Ролик 2015 жылы наурызда Жаңаөзенде түсірілген. Сол жылы да бұл видео желіде тараған еді. Себебі сол уақыттары Маңғыстау облысында қызылшаға қарсы екпе салдырған оқушылардың жағдайы нашарлаған.  

Сол кезде Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасын басқарған Руслан Бектібаев әлеуметтік желілерде тараған видео 14 наурызға жуық түсірілгенін, бейнежазбадағы қыз облыстық ауруханада ем қабылдап жатқанын айтқан еді. 

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинация 1 ақпанда басталады. Алдымен осал топтағы адамдарға екпе егіледі. 

  • 1 ақпанда басталатын бірінші кезеңде инфекциялық аурухана, жедел медициналық жәрдем, реанимация және қабылдау бөлмелері, санэпидқызмет медицина қызметкерлері вакцина ала алады.
  • 1 наурызда басталатын екінші кезеңде жалпы білім беретін мектептердің, ЖОО-ның педагогтері, медициналық қызмет қызметкерлері.
  • 1 сәуірден бастап үшінші кезеңде: мектеп-интернаттардың, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің педагогтері, студенттер және созылмалы ауруы бар адамдар егу салдырады.
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети