РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
13 апреля 2020 | 16:18

Бас санитар дәрігер Теміртаудағы ауруханаға науқас болып барып, былығын ашты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова Теміртаудағы жұқпалы аурулар стационарына күтпеген тексеріс жасаған. Бұл туралы ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Людмила Витальевнаның айтуынша, Айжан Есмағамбетова қарапайым науқас ретінде келіп тексеріс жүргізген. 

"Медициналық қызметкерлердің сақтық шараларын қабылдамағанын айта кету керек. Мысалы, бүгін бізде аймақтардағы көмекті ұйымдастыру бойынша іс-шаралар аясында республиканың бас санитар дәрігері Айжан Серікбайқызы Қарағанды облысына келіп, жол бойында орналасқан Теміртау қаласындағы жұқпалы аурулар стационарына барды. Емделуші ретінде қабылдау бөлмесіне коронавирустық инфекцияға ұқсас белгілері бар деп келді. Қызметкерлер науқасқа сақтық шараларын қабылдамады және мұның нағыз жасалуы тиіс маңызды іс екеніне шүбә келтірмеймін. Науқасты дәрігер қабылдауына бүкіл қабылдау бөлмесін аралатып, бірақ апарды. Жеке және қабылдау бөлмесінде болған адамдарға қатысты сақтық шаралары да қадағаланбады", - деп түсіндірді Людмила Витальевна. 

Бұған дейін Қазақстанда 211 медицина қызметкері коронавирус жұқтырғаны хабарланған.

Еске салайық, осы уақытта Қазақстанда коронавирус жұқтырған 979 адам анықталды. Барлығы 110 адам жазылып шықты, 12 адам қайтыс болды. Ал Қарағанды облысында 76 адамнан COVID-19 анықталып, оның біреуі жазылып шықты. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

Погода

Редакция Реклама
Социальные сети