ПОДЕЛИТЬСЯ
29 апреля 2020 | 16:05
Бас санитар дәрігер коронавирус жұқтырған журналистердің жағдайын айтты
Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдарының 4 өкілі коронавирус инфекциясын жұқтырған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдарының 4 өкілі коронавирус инфекциясын жұқтырған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Еліміздің бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова коронавирус жұқтырған журналистердің жағдайы туралы айтып берді.
"Біздің деректерімізге сәйкес, бүгінде 4 журналист коронавирус жұқтырған. Олардың барлығы науқастармен қарым-қатынас кезінде жұқтырған. Қазір жағдайы - қанағаттанарлық", - деді деді Айжан Есмағамбетова ДСМ медиаорталығының онлайн-брифингінде.
Еске салайық, бұған дейін бас санитар дәрігер елімізде коронавирус жұқтыру жағдайы азайғанын айтты.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также