ПОДЕЛИТЬСЯ
04 мая 2020 | 15:38
Бас санитар дәрігер бетпердені не үшін тағу керегін айтты
Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағанбетова қазақстандықтарға далада не үшін бетперде тағып жүру керегін түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағанбетова қазақстандықтарға далада не үшін бетперде тағып жүру керегін түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оның пікірінше, бұл қауіпті індеттің алдын алуға септігін тигізеді.
"Бетпердені тағуға қатысты сұрақ көп. Біз ғимараттың ішінде және далада бетперде тағуға кеңес береміз. Неге далада бетперде тағу қажет? Себебі, біз әлемдік тәжірибеге сүйенеміз. Қазіргі таңда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы шырышты қабатына қолмен тимеу үшін адамдарға далаға шыққанда бетперде тағуға кеңес береді. Себебі, бұл - ауруды жоқтыру бір жолы", - деді бас санитар дәрігер.
Осы орайда Айжан Есмағанбетова далаға шыққанда да бетперде тағу керегін атап өтті.
"Зерттеу деректеріне сүйенсек, адам еріксіз түрде бетін, қолы мен көзін 5 рет ұстайды екен. Біз "далаға шыққанда бетперде тағу қажет" деп кеңес бергенде осы жағдайды ескереміз", - деді ол.
Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 3 988-ге жетті. 1084 науқас жазылды, 27 адам қайтыс болды.
Показать комментарии
Читайте также