РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
27 октября 2020 | 17:01

"Барлық мәлімет бар". Байғабылов шетелден келген қазақстандықтарға қашпауға кеңес берді

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Көліктегі бас санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов шетелден келген қазақстандықтарға әуежайдан қашпауға кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Көліктегі бас санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов шетелден келген қазақстандықтарға әуежайдан қашпауға кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, жақында Нұр-Сұлтанда 2 жолаушы әуежайдан қашып кеткен.

"Бірақ оларға қатысты жеке мәлімет болды. Жолаушыларды табу қиынға соққан жоқ. Оларды үйінен тауып, екі күнге стационарға жібердік. Мен Қазақстанға ПТР анықтамасынсыз келетіндерге қашып кеткен азаматтардан үлгі алмауға шақырамын. Себебі, барлық жолаушыға қатысты мәлімет пен тиісті ақпараттық база бар. Жолаушыларды табу қиынға соқпайды", - дейді Байғабылов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Енді қазақстандықтар елге ПТР-анықтамасыз орала алады

Айта кетейік, кеше Алматы қаласының санитар дәрігері Жандарбек Бекшин шетелде демалған қазақстандықтар коронавирус жұқтырып жатқанын айтқан еді.

Бүгінде Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 110 684-ке жетті. 105 766 науқас айықты, 1 825 адам қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети