РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
12 мая 2019 | 13:47

"Барлығына міндетсің". Медбикенің ашық әңгімесі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Бала кезімнен дәрігер болуды армандайтынмын. Ең қызығы, "укол салады" деп қорқытқан кезде мүлде қорықпайтынмын. Керісінше, сол адамды аулада күтіп жүретінмін. Осылайша бала кездегі арманыма жету үшін медициналық колледжді бітіріп, емханаға жұмысқа кірдім. Медбике болып жұмыс істеп жүргеніме алты жылдан асты. Осы кезге дейін үш терапевт дәрігермен жұмыс істедім. Қазір декреттік демалыстамын. Оқып жүргенде бұл жұмыстың жауапкершілігі соншалықты үлкен болатынын көз алдыма елестетпеппін.


Бала кезімнен дәрігер болуды армандайтынмын. Ең қызығы, "укол салады" деп қорқытқан кезде мүлде қорықпайтынмын. Керісінше, сол адамды аулада күтіп жүретінмін. Осылайша бала кездегі арманыма жету үшін медициналық колледжді бітіріп, емханаға жұмысқа кірдім. Медбике болып жұмыс істеп жүргеніме алты жылдан асты. Осы кезге дейін үш терапевт дәрігермен жұмыс істедім. Қазір декреттік демалыстамын. Оқып жүргенде бұл жұмыстың жауапкершілігі соншалықты үлкен болатынын көз алдыма елестетпеппін.

"Барлығына міндетсің"

Жұмыс сағат 8.30-да басталып, 19.00-20.00-ге дейін жалғасады. Бұл жұмыстың қайта ерте аяқталғаны. Күніне 30 пациентке дейін қабылдайтын кездер болды. Науқастарды соңғы 1-2 жылда компьютерде тіркейтін болдық. Жұмысымызды біраз жеңілдетті. Осыған дейін тек картада тіркейтінбіз. Бірақ соның өзінде барлығының аты-жөнін, мекенжайын, жұмыс орнын, диагнозын толтырып отыру оңай емес. Сондағы айлығымыз - 45 000 теңге, 50 мыңға да жетпейді. Одан бөлек, міндетті түрде күн-түн демей кезекшілікке шығып тұрамыз. 

Дәлізде тұрғанда-ақ қай пациент екенін білеміз. Себебі олар өте қатты дауыспен сөйлейді. Кезекте тұрғандардың өзі шаршатады. Бұдан бөлек, алдын ала дәрігерге жазылмайтындармен күресіп шаршадық. Сондағысы телефонмен жазылып қоюға болады ғой. Солар үшін бүкіл науқас шу шығарады. Барлығына міндетсің, ешкімге жақпайсың.

"Қорқытатындар көп"

Келген науқастар бізді ойнап отыр деп ойлайды. Сырттай қарағанда біз олардың аты-жөнін жазып алып қана отыратын сияқтымыз. Бас-аяғы жоқ жанжал шығарып, меңгерушіге барамын деп қорқытатындар көп.

Баса-көктеп кіре береді. Қарапайым мәдениетті сақтамайды. Дәлізге шығып қалсаң болды - барлығы саған жабылады.

Одан бөлек үйде қағазбен көп жұмыс істейміз. Күндіз науқастардан шаршап келгеніне қарамастан, кешке үйден қағаздарды толтырып, карталарын реттейміз. Кейін оны компьютерге тіркейміз. Әрбір науқастың "историясы" не тұрады.

"Дәрілерді төмен бағамен алып бере алады деп ойлайды"

Бірде мынадай қызық жағдай болды. Дәрігер науқасқа дәрілерді жазып беруді тапсырды. Дәрілердің бәрін өзі атап берді, мен тек қағазға жаздым. Дәрігер мөрді қойып берді. Сондағысы екі дәрі ғой деймін. Кейін 3-4 күн өткен соң ер адам біздің кабинетке баса-көктеп кіріп келді. Біз басында түсінбей қалдық, қорқып кеттік десе де болады. Ашулы болды. "Неге қымбат дәрілер жазып бергенсің, сендер қымбат емес, қолжетімді дәрілерді беруге міндетсіңдер" деп айғай салды. Сонда біз оған дәрі-дәрмектерді арзан бағамен немесе тегін алып беруге міндетті емес екенімізді айтып түсіндірмекші болдық. Дегенмен ол бой бермей қойды. Айғай шығарып кетті. Неге олай ойлайтындарын түсінбейміз.

"Таныстың таныстары көп келеді"

Бірде таныс құрбым өзінің тағы бір танысын маған жіберген екен. Ол болса мен анадан келдім, мынадан келдім деп, кезексіз кіріп кеткісі келеді ғой. Әрине, барлығы қабылдауға кезексіз кіргісі келеді. Солардың себебінен кезек бұзылып, жанжал шығады. Онымен қоса, шоколад алып "жалған анықтама жасап беріңізші" дейтін ата-ана көп. Бұдан бөлек, мереке кездерінде сенбіліктерге шығарады. Шықпай қалсаң, айлығымыздан ұстап қалатыны бар.

Дегенмен қандай қиындықтар болсын, жұмысым өзіме ұнайды. Жұмыстың оңайы жоқ демекші, біздің салада ең бастысы шыдам пен кішіпейіл болу деп ойлаймын. Бір дауыс көтеріп қалсаң немесе "кабинеттен шығыңыз, кезекпен кіріңіз" деп кішкене даусыңды көтеріп қалсаң болды, басшылыққа жетіп барады. Халыққа қызмет көрсету оңай емес, ал олардың денсаулығына басыңмен жауап беретінің мүлде басқа әңгіме.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети