РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
03 октября 2023 | 09:29

Балаларға қол көтерген педагогтер мәселесі қалай шешіледі? Министрлік жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Биыл елімізде балабақша өзекті мәселелердің біріне айналды. Қанша мемлекеттік, ал қанша жекеменшік балабақша бар? Мемлекет балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселесін қалай шешіп жатыр? Балаға қол көтерген педагогтерге қандай жаза қолданылады? Massaget.kz тілшісі бұл мәселе бойынша Мектепке дейінгі білім беру департаментіне сауал жолдады.


Биыл елімізде балабақша өзекті мәселелердің біріне айналды. Қанша мемлекеттік, ал қанша жекеменшік балабақша бар? Мемлекет балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселесін қалай шешіп жатыр? Балаға қол көтерген педагогтерге қандай жаза қолданылады? Massaget.kz тілшісі бұл мәселе бойынша Мектепке дейінгі білім беру департаментіне сауал жолдады.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Елімізде қанша балабақша бар?

Ұлттық білім беру дерекқор базасының мәліметіне сәйкес, биыл 22 қыркүйек бойынша елімізде 11 308, оның ішінде 5 591 мемлекеттік, 5 717 жекеменшік мектепке дейінгі ұйым мектепке дейінгі жастағы балаларға тәрбие мен білім беріп келеді.

Балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселесі қалай шешіліп жатыр?

Балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің алдын алу бойынша жүйелі жұмысты ұйымдастыру үшін мынадай норматив-құқықтық шаралар қабылданған:

  • Баланың құқықтарын қорғауды күшейту, тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және жасөспірімдер арасында суицидтің көбеюі мәселелерін шешу жөніндегі 2020-2023 жылдарға арналған жол картасы қолданылады. Онда зорлық-зомбылықтан және суицидтен зардап шеккен балаларға көмек көрсетудің құқықтық негізін қалыптастыру және стандартын бекіту жөніндегі жұмыс қамтылған.

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау, білім беру, ақпарат және ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңы қабылданды.

  • Заң шеңберінде "баланы жәбірлеу (буллинг)" ұғымы енгізілді, баланы жәбірлеуден қорғау құқығы бекітілді, сондай-ақ, білім беру саласындағы уәкілетті органның баланы жәбірлеудің алдын алу қағидаларын және орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызмет қағидаларын әзірлеу жөніндегі құзыреті бекітілді.
  • Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар бекітілді. Жобада 53 іс-шара қамтылған.
  • Баланы жәбірлеудің алдын алу профилактикасы қағидалары бекітілді. Қағидалардың негізгі мақсаты білім беру процесіне қатысушылардың құқықтары мен мүдделерін құрметтеу бойынша жағдайлар жасау.
  • Сонымен қатар, балаларға көмек пен қолдаудың кеңейтілген желісін қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Балаға қол көтерген педагогтерге қандай жаза қолданылады?

Педагогтің міндеті, оның педагогикалық әдепті сақтауы білім саласындағы заңнамада белгіленген. "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңында педагогтік әдептілік заңдылық, адалдық, жауапкершілік, жеке адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу қағидаттарына негізінделетіні белгіленген. "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңында (45-бабы) оқыту-тәрбиелеу процесі барысында тәрбиеленушінің өмірі мен денсаулығына жауапкершілік білім беру ұйымының басшысына жүктелген.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети