РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
10 ноября 2021 | 10:01

Балалар вакцинасы, ревакцинация. Цой үкіметте қандай мәлімдеме жасады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында елдегі эпидемиологиялық жағдай бойынша есеп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында елдегі эпидемиологиялық жағдай бойынша есеп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Министрдің сөзінше, Қазақстанда кейінгі екі аптада ауру деңгейі 17 пайызға азайды. 

"Жалпы республика және он өңір "жасыл" аймақта. (...) Кейінгі үш айда ем алып жатқандар саны бойынша оң динамика байқалады: 2,3 есе азайды. Халықты вакциналау жұмыстары жүріп жатыр. Бірінші компонент 8,5 миллион адамға, екінші компонентті 7,7 миллион адам салдырды. Коронавирусқа қарсы вакцина салу жүріп жатқан 205 елдің ішінде Қазақстан 105-орында", - деді Цой Үкімет отырысында. 

Сонымен қатар, министр балалар мен аяғы ауыр әйелдерге вакцина салу жоспары туралы да айтты. 

"4 230 000 доза вакцина алынды. Вакцинаны 12-18 жас аралығындағы балалар, 16-37 апта аралығындағы жүкті әйелдер мен бала тапқанына 42 күн өткен әйелдер салдыра алады. (...) 15 қарашаға дейін Pfizer вакцинасының 379 000 дозасы жеткізіледі деп жоспарланып отыр. Балаларға вакцина оқу орнында, яғни білім беру мекемелерінде салынады", - деді министр.

Сондай-ақ министр Қазақстанда ревакцинация 22 қарашада басталатынын айтты. 

Еске салайық, 10 қарашадағы жағдай бойынша, Қазақстанда пандемия басталғалы 951 667 адам коронавирус жұқтырса, оның ішінде, 906 190 адам аурудан айыққан, 12 320 адам қайтыс болды.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети