РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
20 апреля 2021 | 14:54

Балалар арасында коронавирус жұқтыру дерегі артты - дәрігерлер

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: РБК Фото: РБК

Наурыз мейрамынан кейін балалар арасында коронавирус жұқтыру дерегі көбейген. Бұл туралы Алматы қалалық Балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Айнұр Уәлиева айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Наурыз мейрамынан кейін балалар арасында коронавирус жұқтыру дерегі көбейген. Бұл туралы Алматы қалалық Балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Айнұр Уәлиева айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Уәлиеваның айтуынша, Алматы қаласы бойынша балалар арасында коронавирус жаппай жұғып жатқан жоқ, алайда әлі де алдын алу шараларын қатаң сақтау қажет.

"Алматы қаласындағы Балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасында 71 бала коронавирустан емделіп жатыр. Ауруханада жатқан балалардың саны жалпы науқастар санының 30-35 пайызына тең. Балалар арасында коронавирус жұқтыру дерегі өсуі Наурыз мейрамынан кейін және қазір сәуірде байқалып отыр. Наурыздың бірінші және екінші аптасында 72 бала емделіп шыққан, ал сәуірдің бірінші және екінші аптасында 176 бала ем қабылдады. Ата-аналардың айтуынша, балалардың басым бөлігіне отбасындағы тығыз байланыстан кейін коронавирус жұққан. Десе де, біз балалар жаппай ауыра бастады, коронавирус балалар арасында ерекше эпидемиологиялық сипатқа ие болды деп айта алмаймыз, өйткені балалардың арасындағы ауру жағдайларының өсуі тікелей ересектер арасындағы өсіммен байланысты", - деді Уәлиева.

Оның айтуына қарағанда, егер отбасының барлық мүшесі коронавирус жұқтырса, балада клиникалық көріністер болса немесе отбасы көпбалалы және оқшаулау мүмкіндігі болмаған кезде балалар ауруханаға жатқызылады.

"Дәл қазір ауруханада ауыр жағдайда, жансақтауда жатқан балалар жоқ. Көп жағдайда коронавирус балалар арасында симптомсыз болып келеді. Көбіне балалар жеңіл және кей жағдайда орташа ауыр жағдайда келіп түседі. Орташа ауыр жағдайдағы балалардың саны 10 пайыздан аспайды. Десек те, адам көп шоғырланған жерлерде, дүкендерде, ойын-сауық орталықтарында вирус жұқтыру қаупі жоғары, сондықтан ондай жерге балалармен барудың қажеті жоқ. Қазіргі таңда ересектердің вакцина салдыруы аурудың алдын алу шаралары арасында ең тиімдісі", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети